Елшібаев Әділмұрат Кәттебайұлы » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 42-15-97
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-88-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
01
апрель
2024

Елшібаев Әділмұрат Кәттебайұлы

Семей қаласындағы М.О.Әуезов атындағы педагогикалық училищесін және М.О.Әуезов атындағы Семей университетін «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша бітірді.

Алғашқы ұстаздық қызметін ауыл мектебінен бастады.1981-1986 жылдары Қызылбұлақ сегізжылдық мектебінде, 1986-1995 жылдары өзінің туған ауылы Көктерек орта мектебінде бастауыш сыныптарда сабақ беріп, өзінің жастық жалынымен, тынымсыз ізденісімен, озық ұстаздардан жинақтаған тәжірибесімен биіктен көріне бастады.

1988-1995 жылдар ұстаз өміріндегі ең елеулі, ең табысты жылдар болды. 1988 жылы Семей қаласында өткен «Алло, таланттарды іздейміз!» байқауында І орын, «Жыл мұғалімі» байқауында ІІ орынды иеленген ұстаздың еңбегі елеусіз қалмады. 1990 жылы 29 жасында Қазақ ССР-і Оқу министрлігінің Құрмет грамотасы және «Қазақ ССР-і халық ағарту ісінің озық қызметкері» төсбелгісімен бір күнде марапатталды. Ұстаздың педагогикалық іс-тәжірибесі республика бойынша Қазақстан телевидениясы, республикалық «Қазақстан мұғалімі», аудандық, облыстық газеттер мен республикалық «Бастауыш мектеп» журналдары мен қазақ радиосы арқылы таратылды.

1990 жылы Қостанай қаласында өткізілген республикалық бірінші ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, Семей облысы мұғалімдерінің атынан сөз сөйлеп, «Ауыл мұғалімінің еңбегі» атты тезисі Ыбырай Алтынсарин атындағы республикалық ғылыми-зерттеу институтында жарық көрді.

Суреті Мақаншы ауданының Құрмет тақтасына қойылды.                                       Ұстаздық еңбегінің жемісін бере білген Әділмұрат Кәттебайұлына аттестациялық комиссияның шешімімен «жоғары санат» берілді.

Ұстаз 1996-2019 жылдар аралығында қызметін Семей қаласында соның ішінде, 20 жыл №22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейде жалғастырды.

Әділмұрат Кәттебайұлы:

  • Ұстаздар қауымы әр уақытта да өз заманының сұранысына да жауап беріп, уақыт талабына шыға берген. Сондай ұстаздар біздің ардагер ұстаздарымыз. Бүгінгі күні еңбектерінің зейнетін көріп отырған бастауыш сыныптарда ұзақ жыл сабақ берген Исалина Камаш Өмірбайқызы, Тлеуғожанова Батима Тлеуғожақызы, Сабырбекова Фарида Қызырқызы, Қалиасқарова Шалқыма Садықайқызы. Қазақ тілі және әдебиет пәндері мұғалімдері Смағұлов Ардақ Смағұлұлы, Батырханова Ақан Батырханқызы. Орыс тілі және әдебиеті мұғалімдері Шорманова Акбота Серікбайқызы, Кабдиева Мензия Шаймарданқызы, Нарбутина Руайда Сейілжанқызы, Ярумина Шолпан Жұмағалиқызы еңбектерін атауға болады. Еліміздің түкпір-түкпірінде әр салада қызмет етіп журген мектеп түлектері осы ұстаздардың алдынан білім, тәрбие алып шыққан. Менің екі балам осы мектепте орта білім алып шықты. Ұлым Оралханов Азамат 1996 жылы бітірді, Оралханова Гүлнұр 1998 жылы бітірді.

 «Білімге қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен; «Полигон жабылғанға 20 жыл» медалімен марапатталдым.

2019 жылдан бастап Астана қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназиясында еңбек етуде. Қалалық, облыстық, Республикалық білім басқармаларының бірнеше алғыс хат, диплом, грамоталарымен марапатталды. 2019 жылы Астана қаласында өткізілген мұғалімдерді аттестациялау қорытындысы бойынша ұстазға «Педагог-шебер» санаты берілді.            

«Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» демекші, ұстаздың қолынан түлеп ұшқан шәкірттерінің көпшілігі бұл күндері еліміздің әр түкпірінде ұстаздық қызмет атқаруда.

Басшылық қызметте жүргендері қаншама?! Соны бірі ұлы – Айдос Әділмұратұлы да әке жолын қуып, Астана қаласында бастауыш сыныпта сабақ беріп шәкірттерін тәрбиелеуде. Ә.К.Елшібаевтың еңбек өтілі – 42 жыл. Әлі де болса, жас ұрпақты оқытып, тәрбиелеуде аянбай еңбек етіп жүр.