Асқарбек Қасабайұлы Аринов » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 42-15-97
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-88-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
12
январь
2024

Асқарбек Қасабайұлы Аринов

1955 жылы 16 тамызда Семей облысы Ақсуат аулында  дүниеге келді. Ол 1972 жылы Семей қаласындағы М.Төлебаев  атындағы музыкалық училищенің домбыра класын, 1986 жылы Н.К.Крупская атындағы педагогика инситутының тарих факультетін бітірген.

1972-1980 жылдары – Ақсуат ауданындағы қазақ орта мектебінің музыка пәні мұғалімі;

1981-1985 жылдары – Семей қаласындағы №1 облыстық мектеп-интернатының меңгерушісі, музыка пәнінің мұғалімі;

1985-1995 жылдары – Семей қаласындағы №7 теміржол мектеп-интернатының музыка пәнінің мұғалімі;

1995-2009 жылдары –Семей қаласындағы №16 қазақ орта мектебінің директоры;

2009-2012 жылдары – Семей қаласындағы №26 қазақ орта мектебінің директоры;

2012-2013 жылдары Бесқарағай аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы.


2013 жылдың наурызынан 2016 жылдары өмірінің соңына дейін Бесқарағай аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметін атқарды. Саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесі, ұстаздық қызметке арнаған шебер басшы, іскер ұйымдастырушы болды. 1991 жылы  «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» төсбелгісімен, 1995 жылы Білім және Ғылым министрлігінің Құрмет Грамотасымен марапатталды. 1986 жылы мектеп мұғалімдерімен «Дудар-ай» ансамблін, оқушылардан домбыра оркестрін құрды.

Аринов Асқарбек Қасабайұлы 2016 жылы 26 қаңтар күні дүниеден озды.



Похожие публикации: