25
май
2026
22 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушылары бес күндік оқу-дала жаттығуын сәтті аяқтады.

22 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушылары бес күндік оқу-дала жаттығуын сәтті аяқтады
Жаттығу барысында оқушылар әскери тәртіпті, саптық дайындықты, төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекеттерді меңгеріп, алғашқы әскери дайындық бойынша тәжірибе жинақтады. Бес күн ішінде шыдамдылық, тәртіп, жауапкершілік пен бірліктің маңызын сезініп, өздерін жаңа қырынан көрсете білді.
Оқу-дала жиынына белсенді қатысқан барлық оқушыларға алғыс білдіреміз! Алған тәжірибелері болашақта елге қызмет ететін саналы азамат болуларына өз үлесін қосады деп сенеміз.
