Тұрлыбекова Күлпәш » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 42-15-97
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-88-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
10
январь
2024

Тұрлыбекова Күлпәш

1949 жылы 1 тамыз күні Семей облысы Ақсуат ауданында дүниеге келген. 1956 жылы Ақсуат орта мектебін 1- сынып оқушысы болып бастап, 1966 жылы Семей қаласындағы № 5 - мектепті бітіреді. 1967 жылы Семей қаласындағы Н. К.Крупская атындағы педагогикалық институтқа түсіп, 1972 жылы химия-биология пәнінің  маманы ретінде тәмәмдады. 1972 жылы Шұбартау ауданы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте ұстаздық қызмет атқарды. 1979 жылдан бастап Семей қаласындағы Жаңа Семей аудандық оқу бөлімінде инспекторлық қызмет атқарды. 1986 жылдан бастап Семей қаласындағы №7 мектеп - интернатқа аға тәрбиеші қызметіне тағайындалады. 1988-89 оқу жылынан бастап осы мектепте мектеп директорының  оқу- тәрбие жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 1992 жылы «Халық ағарту ісінің озық қызметкері» төсбелгісімен, 2005 жылы Ы.Алтынсарин төсбелгісімен марапатталды.