Исимбекова Айгуль Нусуппековна » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 42-15-97
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-88-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
04
март
2024

Исимбекова Айгуль Нусуппековна

№22 жалпы орта білім беретін мектепті 

2007 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін басқарып келеді

Исимбекова Айгуль Нусуппековна  1968 жылы 31 мамырда 

Талды-Қорған облысы,  Андреев ауданы, Герасимовка ауылында дүниеге келген.

2007 жылғы 6 тамызда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Семей қаласы бойынша білім бөлімінің "№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі" КММ директоры болып тағайындалды.

1993 ж. Абай  атындағы Алматы мемлекеттік университетін биология пәнінің мұғалімі,2018 ж. Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетіне филология факультетіне түсті. 2018ж. Қазақ гуманитарлық –заң инновациялық университетіне педагогика және психология мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды.Педагогикалық жұмыс өтілі: 34 жыл әкімшілік өтілі-15 жыл. Біліктілік санаты: педагог-шебер, бірінші біліктілік басшы

Біліктілікті арттыру курстары:

1. Инклюзивті білім беруді дамыту жағдайындағы білім беру ортасының мазмұны, 2018 жыл.

2. Жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша курстар, 2021 жыл.

3. НЗМ ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген ҚР жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша курстар, 2021 жыл.

4. ҚР орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде "Биология" және "жаратылыстану" пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламасы бойынша Курс, 2021 жыл.

Еңбек қызметі:

* Еңбек жолын 1985 жылы Талды- қорған облысы Андреев ауданы Саратов орта мектебінде тәрбиеші болып бастаған.

* 1990 жылдан 1991 жылға дейін Талдықорған облысының "Вишенка" балабақшасында тәрбиеші болып жұмыс істеді

• 1991 жылдан 1992 жылға дейін Герасимовка орта мектебінде химия және биология мұғалімдері болып жұмыс істеді. Талдықорған облысы, Андреев ауданы

* 1992 жылы Талды-қорған облысының "Малышок" балабақшасының меңгерушісі болып ауыстырылды

• 1996 жылдан 2005 жылға дейін Семей қаласындағы №11 орта мектепте биология мұғалімдері болып жұмыс істеді.

• 2005 жылдан 2007 жылға дейін Семей қаласының "№2 жалпы орта білім беру мектебі" ММ директордың тәрбие жұмысы  жөніндегі директордың орынбасары болып жұмыс істеді


2007 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Семей қаласы бойынша білім бөлімінің "№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі" КММ директоры болып жұмыс атқарып келеді.

2015жылы "Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісімен , 2018 жылы Ы. Алтынсарин атындағы төсбелгісімен марапатталды . 2012 жылы Семей қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен , 2021жылы "Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін" медалімен марапатталды.

Міне, бүгінде 60 жылдық тарихы бар білім ордасын Айгуль Нусуппековна  басқарғалы 15 жыл өтті, мектептің жетістіктері ұшан-теңіз. 

Атақ айтақ 2016-2017 оқу жылы “Қалалық мектептің үздік ауласы” аталымы бойынша БАС ЖҮЛДЕ, 2017-2018 оқу жылы 1 орын, 2018-2019 оқу жылы БАС ЖҮЛДЕ, 2019-2020 оқу жылы “Үлгілі мекемелер” аталымы бойынша БАС ЖҮЛДЕ, 2020-2021 оқу жылы БАС ЖҮЛДЕ, 2021-2022 оқу жылы Үздік мектеп ұйымы І орын, қысқы мектеп ауласы І орын иеленді.  

Айгуль Нусуппековна – білікті басшы ұстаз ғана емес отбасында үлгілі ана, сүйікті жар, ағайын туыс арасында беделді. « Жақсы адам ғана жақсы басшы бола алады»  демекші, білікті басшы, шығармашыл тұлға, ұжым мақтанышы. 

Похожие публикации: