Габбасова Ляззат Каратаевна » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 42-15-97
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-88-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
30
апрель
2024

Габбасова Ляззат Каратаевна

Өскемен педагогикалық инистиутын 1974-1979  жылдары  химия және биология пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп,1979 жылы облыстық оқу бөлімінің бағдарламасымен Семей облысы, Абай ауданы Құндызды орта мектебінде химия пәні мұғалімі болып қызмет атқарған.

1985 жылы 27 жасында Семей қаласындағы Жаңа-Семей станциясындағы Алматы теміржолына қарасты   №7 мектеп интернатында тәрбиеші және биология пәні мұғалімі болып қызмет атқарды.

1996 жылы мектеп-интернат жабылып, мектеп қалалық білім бөлімінің қарамағына беріліп, №22 жалпы орта білім беретін мектеп болып өзгертілгенде, жаңа ашылған мектептің биология пәні мұғалімі болып, қызметін зейнеткерлікке шыққанша және зейнеткерліктен кейін 5 жыл жалғастырды. 42  жылдық   ұстаздық қызметтің 36 жылын осы мектепте биология пәнінен сабақ беріп, үздіксіз қызмет етіп, саналы ғұмырын шәкірт тәрбиелеуге жұмсады. Мектептің оқу -тәжірибе үлескісін ұйымдастыруға ұзақ жылдар   нәтижелі еңбек жасады. Шәкірттері биология пәнінен үнемі қалалық, облыстық, республикалық  ғылыми жұмыстардың жеңімпаздары. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Ұлттық тестілеу орталығының  биология пәнінен тест тапсырмаларын әзірлеушісі және сараптамашысы, Республикалық аппеляция комиссиясының мүшесі ретінде қызмет атқарды. ШҚО білім басқармасының Құрмет Грамотасымен, Семей қаласы әкімінің Алғыс хатымен, Семей қалалық білім бөлімінің, қалалық кәсіподақ комитетінің құрмет грамоталарымен марапатталды. Облыстық «Экологиялық білім беру және тәрбиелеуде аймақтық компонентті қолдану» атты конференцияда баяндама жасап, оқушылары осы конференцияда ғылыми жұмыстарды қорғап, жүлделі орындарды иеленіп, тәжірибелік конференцияның кітабына енді.Оқушыларға сіңірген саналы еңбегі үшін Халықаралық Евразиялық  іскерлік   қауымдасығының «Алтын Адам» алтын алқасының иегері атанды.