Баймағұл Жұмабек Сүлейменұлы

1955 жылы Абай ауданы, Жүрекадыр ауылында дүниеге келген. 1977 жылы Семей педагогикалық институтын физика пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп, туған ауылында мұғалімдік еңбек жолын бастаған. 1981 жылдан 2001 жылға дейін сол ауылдағы Құндызды, қазіргі Ш.Әбенов атындағы орта мектепте директордың орынбасары болып қызмет атқарды. 2001 жылы Семей қаласындағы №22 жалпы орта білім беретін мектеп директордың орынбасары болып тағайындалып, ұстаздық еңбек жолын жалғастырды. Осы қызметті 2013 жылға дейін абыроймен атқарды. Жұмабек Сүлейменұлы қызмет атқарған кезде мектеп қала мектептері арасында алдыңғы қатарлы, сапалы білім ордасына айналды, мектеп оқушылары екі есеге жуық көбейді. Жоғары санатты тәжірибелі мұғалімдер қатары көбейді, жігерлі, өз мамандығын сүйетін жастар көптеп келді. Мектеп ұжымы ұйымшылдықпен, ізденімпаздықпен жас ұрпақты тәрбиелеуде шығармашылықпен табысты еңбек етті. Мектептегі озат оқушылар қатары көбейді ,көптеген мектеп бітірушілер Алтын белгіге,үздік аттестатқа бітіріп,жоғарғы оқу орындарының гранттарын жеңіп алып отырды . Мектептің материалдық базасы жақсарып , заман талабына сай пән кабинеттері жабдықталды.Көптеген ұстаздарымыз қалалық , облыстық,республикалық деңгейлерде үздік жетістіктерге жетті , олимпиада жеңімпаздары болған шәкірттеріміз мектеп атағын жоғары көтереді.
Жұмабек Сүлейменұлы қызмет атқарған жылдары бірнеше рет қалалық, облыстық білім бөлімдерінің құрмет грамоталарымен марапатталды.
2014 жылы қалалық білім бөлімінің “ Басқарудағы шеберлік “ атағын иеленді.2010 жылы “ Дарынды балалар – Қазақстанның болашағы“ энцеклопедиясына үздік мұғалімдер аталымы бойынша енгізілді.
2011 жылы “ За вклад в развитие образования“ медалімен марапатталды № 70082014 жылы“ Шығыс Қазақстан облысының педагоктар династиясы“ кітабына династия басшысы ретінде енгізілді .
Осы жылдарда мектептерді аттестаттаудан өткізетін қалалық комиссиясының тұрақты мүшесі болып, бірнеше мектептерді аттесттау жұмысын абыроймен атқарды . “ Алтын белгіге “ үміткерлердің құжаттарын тексеретін облыстық, қалалық комиссияның тұрақты мүшесі болды. 2013-2016 жылдары комадағы №4 ЖОББМ МКМ директорының оқу –тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары , 2016-2019 жылдары физика пәні мұғалімі болып қызмет атқарды , зейнет демалысына шықты.Осы жылдары республикалық Заманауи ұстаз мұғалімімен №192 “ Педагогика саласының ардагер төсбелгісімен марапатталды. Жұмабек Сүлейменұлы 45 жылдай педагогика саласында абыроймен енбек етіп, бүгінде еңбегінің зейнетін көріп отырған ардагер ұстаз
