Смагулова Гульнара Капановна » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 42-15-97
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-88-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
09
апрель
2024

Смагулова Гульнара Капановна

1959 жылы 14 тамыздаСемей қаласында дүниеге келген.

1978-1982 жылдар аралығында Семей қаласындағы Н.К. Крупская атындағы педагогикалық институттың физика-математика факультетінде оқып, математика пәнінің оқытушысы мамандығын алды.

Алғашқы еңбек жолын Семей облысының Шар ауданындағы Арқалық орта мектебінде физика және математика пәндерінен сабақ беруден бастады.

1983-1986 жылдар аралығында Қайнар орта мектебінде математика пәнінен сабақ берді. 

1986-1992 жылдар аралығында Абай ауданы, Қасқабұлақ орта мектебінде математика және информатика пәндерінен сабақ берді. 

Абыралы ауданы құрылған кезде, 1992 жылдан бастап Қайнар орта мектебінде 2007 жылға дейін математика пәнінің мұғалімі қызметін атқарды. Осы аралықта директордың бастауыш сыныптар бойынша оқу ісінің меңгерушісі, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және әдіскер-ұстаз лауазымдарын атқарды. 

2007-2009 жылдары аралығында Семей қаласында Қаржы және бизнес колледжінде математика пәнінен сабақ берді.

2009-2017 жылдар аралығында (зейнетке шыққанға дейін) Семей қаласындағы №22 мектеп-лицейінде математика пәнінен сабақ берді. 

Қызмет атқарған уақытта өз пәні бойынша олимпиада жүлдегерлері мен ғылыми жоба жеңімпаздарын даярлап, марапаттарға ие болған. Сонымен қатар, пән және тәрбие ісі бойынша мақалалары қалалық газеттерге, әдістемелік құралдарға және физика-математика журналдарына басылымға бірнеше рет шығарылды.

Мектеп түлектеріне арналған ҰБТ-ға дайындық үшін 2 томдық әдістемелік құралы басылып шықты (2009ж., 2011 ж.).

«Лучшие люди» энциклопедиясына еніп, төсбелгімен марапатталған.


Похожие публикации:

22 январь 2025 22.01.2025ж.