Шалқыма Садыкаевна

1960 жылы 2 қаңтарда Абай ауданы Мұхтар Әуезов совхозы, Бөрлі ауылында дүниеге келген. 1976 жылы Семей педучилишесіне түсіп, 1980 жылы бастауыш сынып мамандығы бойынша диплом алды. Еңбек жолын Семей қаласындағы №1 мектеп-интернатта мұғалім болып бастады. 1981-1986 жылдары Семейдегі Крупская атындағы пединституттың тарих факультетінде оқыды. Осы мектепте 1985-2022 жылдар аралығында еңбек етті, 1985-2001 жылдар аралығында бастауыш сынып мұғалімі, 2001-2009 жылдары директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2002-2022 жылдарда тарих пәнінен сабақ беріп, осы жылдарда өз пәнінен оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы мен белсенділігін арттыруда, оқу мен оқытудың сапасын көтеруде тынбай еңбектенді. Оқушысы Қасенов Жайдар қалалық олимпиаданың 1-орын жүлдегері. «Бабалар тарихы» таңдау курсы, «Елтану», «Семейтану», «Сабағым сәтті өтсін десеңіз» атты әдістемелік құралдардың авторы. «Мектеп директоры», «Бастауыш сынып журналы» атты республикалық басылымдарға мақалалары жарияланған.
