Нугиева Балжан Жанарбековна » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 42-15-97
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-88-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
10
апрель
2024

Нугиева Балжан Жанарбековна


Нугиева Балжан Жанарбековна Алматыдағы Абай атындағы Еңбек Қызыл Ту орденді Қазақ педагогикалық институтын 1977-1981 жылдары   математика мамандығы бойынша бітіріп, 1981-1996 жылдары Семей облысы Ақсуат ауданында математика мұғалімі   болып қызмет атқарған. 1996-2019 жылдар аралығында №22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде зейнеткерлікке шыққанша математика мұғалімі болып, ұзақ жылдар математика пәнінен сабақ беріп, саналы ғұмырын шәкірт тәрбиелеуге жұмсады.

2014 жылы Халықаралық математика пән олимпиадасында жүлдегер оқушы дайындағаны үшін грамотамен марапатталды. 

Халықаралық Қ.А.Яссауи атындағы қазақ-түрік университеті ұйымдастырған ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып,мақаласы жарыққа енді.Қалалық «Жаратылыстану-математика цикл пәндері мұғалімдерінің үздік әдістемелік бірлестігі» байқауында III орын иеленіп,Алғыс хатпен марапатталды. Семейдің Шәкәрім атындағы  мемлекеттік университеті ұйымдастырған «Орта мектептің математика курсын оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану»тақырыбындағы семинарда баяндама жасады. Шәкәрім атындағы СМУ ұйымдастырған математика пәнінен ұйымдастырған аймақтық олимпиадада оқушысы Г.Ахметқалиева жүлделі орынды иеленді. Облыстық «Ұстаз әлемі» газетінде «Есеп шығаруда тез есептеу әдістері», «Білім-асыл қазына» тақырыбында мақалалары  жарияланды. Республикалық «Тәрбие құралы » ғылыми-педагогикалық журналында «Атақты математиктер өмірінен қызықты сауалдар»атты мақаласы шықты. «Жоғары педагогикалық шеберлігі,өскелең ұрпаққа тәрбие мен білім берудегі жетістіктері»үшін Шығыс Қазақстан облысының әкімінің грамотасымен  марапатталды.

Нугиева Б.Ж «За вклад в развитие образования» медалімен марапатталды.

Балжан Жанарбековна-тәжірибелі,білімді, ұлағатты ұстаз ретінде оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы мен   белсенділігін арттыруда,оқу мен оқытудың сапасын көтеруде тынбай еңбектенді.