Кабышева Сәуле Болатқызы » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 42-15-97
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-88-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
09
апрель
2024

Кабышева Сәуле Болатқызы

Кабышева Сәуле Болатқызы Семейдің Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институтына 1979жылы түсіп,1983жылы аталған институттың физика-математика факультетін математика мамандығы бойынша бітірді. Алғашқы еңбек жолын туған ауылы Құндыздыда бастады.

1983-2011жылдар аралығында ақын Шәкір Әбенов атындағы орта мектепте математика пәнінен сабақ беріп,ұстаздық өмірдің сан қилы жолдарынан өтті.

Семей қаласындағы №22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде 2011 жылдан бастап математика пәнінен сабақ беріп, саналы ғұмырын шәкірт тәрбиелеуге арнап, ұстаздық қызмет атқарып келеді.

Халықаралық «XVII Сәтбаев оқулары» ғылыми конференциясында «Табиғаттағы симметрия»тақырыбында мақаласы, Республикалық «Оқыту-тәрбиелеу технологиясы»журналының №4 санында «Дарындылықты дамытудамыз» атты мақаласы жарияланды. Шәкірттері математика пәнінен қалалық,облыстық,республикалық ғылыми жұмыстардың жеңімпаздары.

Оқушысы  Н.Серікбекұлы   Халықаралық «XVII Сәтбаев оқулары»атты ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысып, III орын иеленіп,дипломмен марапатталды.

С.Болатқызы  Халықаралық С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан МУ «Рухани жаңғыру: ғылыми мұра және ұлттық құндылықтар»атты ғылыми практикалық конференциясына, «Баламен және ата-аналармен түсініспеушіліктерді позитивті түрде шешу жолдары» семинарына қатысты.

Ұзақ жылғы еңбектері жоғары   бағаланып, республикалық жасөспірімдер олимпиадасының қалалық кезеңіне оқушы дайындағаны үшін қалалық білім бөлімінің грамотасымен,  жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде атқарған жемісті еңбегі үшін Семей қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің Құрмет грамотасымен,білім саласына қосқан үлесі үшін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің Алғыс хатымен,   білім саласындағы жемісті   еңбегі  үшін  Семей қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Ұстаз С.Болатқызы  сапалы білім мен саналы тәрбие беруде  білім саласына зор үлес қосты.