МЕКТЕП ТАРИХЫ » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 42-15-97
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-88-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
01
сентябрь
2022

МЕКТЕП ТАРИХЫ

      Ленин орденді Алматы темір жолына қарасты Семей қаласындағы Цементшілер мөлтек ауданында орналасқан №7 теміржолшылардың балаларына арналған мектеп-интернаты 1962-63 оқу жылының 1 қаңтарында ашылды. Мектеп – интернатқа Ақтоғай станциясынан Семей қаласына дейінгі аралықта тұратын теміржолшылардың балалары қабылданды. Мектеп – интернат  оқу корпусынан және жатақханадан тұрды. 
     Мектеп-интернатта жылма –жыл 250 тәрбиеленуші, 18 тәрбиеші, 32 ұстаз және бір  аға тәрбиеші балаларға білім және тәрбие берді.  1996 жылы мемлекетімізде болған өзгерістерге байланысты Алматы теміржолына қарасты «№74 мектеп-интернаты» жабылып, Семей қалалық маслихатының шешімімен қалалық білім бөлімінің балансына беріліп, «№22 жалпы орта білім беру мектебі»КММ болып аталды. 2016жылдан бастап «№22жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі» КММ статусына ие болды.
     Қазіргі кезде мектептің бас оқу корпусында 15 оқу кабинеті, 1қыз балаларға арналған шеберхана, кітапхана, акт залы, спорт залы, STEM кабинеті, мультимедия кабинеті, 2 информатика кабинеті, робототехника кабинеті интерактивті тақтасы бар бүгінгі заман талабына сай толық жабдықталған биология кабинеті, ІІ оқу корпусында бастауыш сыныптардың 11 оқу кабинеті, ұлдарға арналған шеберхана, кіші спорт залы және асхана орналасқан. 
     Мектеп ұстаздары арасында өзінің қажырлы еңбегін мектепке қалдырып,  бүгінгі таңда құрметті демалыста жүрген ардагер ұстаздар Қаз ССР-не еңбегі сіңген Р.Сейсенбаева, оқу-ағарту ісінің үздіктері К.Исалина, Б.Тілеуғожанова, С.Турлыбекова, Т.Ыдырысбекова, Г.Мусралинова, А.Батырханқызы, А.Б.Смағұлов, Ф.Қ. Сабырбекова, Қ.С.Құсаинова, М.С.Мұсабекованы мектеп ұжымы мақтан тұтады.

Похожие публикации:

02 сентябрь 2022 Мектеп тарихы.