Мектеп тарихы. » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 42-15-97
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-88-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
02
сентябрь
2022

Мектеп тарихы.


Ленин орденді Алматы темір жолына қарасты Семей қаласындағы Цементшілер мөлтек ауданында орналасқан №7 теміржолшылардың балаларына арналған мектеп-интернаты 1962-63 оқу жылының І-ші қаңтарында ашылды. Мектеп – интернатқа Ақтоғай станциясынан Семейге дейінгі аралықта тұратын теміржолшылардың балалары қабылданды. Мектеп: екі ғимараттан: мектеп – интернаттың оқу корпусынан және жатақханасынан тұрады. 

          Мектеп-интернатта жылма –жыл “250” тәрбиеленуші “18” тәрбиеші, “32” ұстаз және бір штат аға тәрбиеші балаларға білім және тәрбие берді.  1996 жылы мемлекетімізде болған өзгерістерге байланысты Алматы теміржолына қарасты №74 мектеп-интернаты жабылып Семей қаласының маслихатының шешімімен қалалық білім бөлімінің балансына беріліп №22 жалпы орта білім беру мектебі болып аталды. Қазіргі кезде мектепте І оқу корпусынан 15 оқу кабинеті 2 шеберхана, кітапхана, спорт залы, хореография кабинеті, лингофон кабинеті, мултимедия каьинеті, 2 информатика кабинеті, интерактивті тақтасы бар бүгінгі заман талабына сай толық жабдықталған математика кабинеті, ал жатақхана ғимаратында орналасқан ІІ оқу корпусында бастауыш сыныптардың 11 оқу кабинеті, шеберхана, кіші спорт залы бар.


№12 мектеп-интернат

1962-1972


Похожие публикации: