09
январь
2024
Абзалов Рыстыбек Абзалұлы

1948 жылы 1 желтоқсан күні Шұбартау ауданында дүниеге келген. 1956 жылы Киров атындағы орта мектепте 1-сыныпқа қабылданып, 1966 жылы бітірді. 1966-69 жылдары Беларусияның Гомель қаласында армия қатарында болып, азаматтық борышын өтеді. 1979 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы педагогикалық институтқа түсіп, сызу, сурет, технология пәндерінің мамандығы бойынша бітіріп шығады. 1972 жылы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте ұстаздық қызмет атқарады. 1989-95 жылдар арасында Семей қаласындағы №5 қазақ орта мектебінде ұстаздық қызмет атқарады. Кейіннен 1998 жылдан бастап №22 орта мектебінде сызу, сурет, технология пәндерінің мұғалімі болып қызмет атқарды. 2012 жылы зейнеткерлікке шықты.
