Сыдықов Хамит Сыдықович » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 42-15-97
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-88-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
16
январь
2024

Сыдықов Хамит Сыдықович

1985-1987 оқу жылдары

№12 мектеп-интернатының директоры

1935 жылы мамыр айының 15 –і күні  бұрынғы Семей облысы  Абай ауданы  Саржал (Ақши) селосында туған. 1949 жылы  Саржал жетіжылдық мектебін бітірді. 1954 жылы Семей педучилищесін бітірді. 1954-1955 жылдары Саржал онжылдық мектебінде 5-7-сынып математика мұғалімі болып жұмыс істеді. 1955-60 жылдары  Зоовет институтының жанындағы трактористер курсын аяқтап, тракторист мамандығын алған. Осы жылдары қалалық кинофикация жанындағы курсты  бітіріп, киномеханик мамандығын алған. 1960 жылы Семейдегі Н.К.Крупская атындағы пединститутының физика-математика факультетін бітірді. 1960-1962 жылдары  Саржал орта мектебінде физика пәнінің мұғалімі, 1962-1972 жылдары  Алматы теміржол басқармасының Жаңа Семей станциясындағы №12 мектеп-интернатында математика мұғалімі, аға тәрбиеші (осы мектеп интернатының №1 бұйрығы бойынша бірінші мұғалімі), 1972-1978 жылдары  Семейдегі Мұқан Төлебаев атындағы музыка училишесінің директоры, 1978-1979 жылдары  ОблОНО мектеп инспекторы болып қызмет атқарды. 1979-1982 жылдары Семей қаласы №1 облыстық мектеп-интернатының директоры, 1982-1985 жылдары  №5 жұмысшы  жастар мектебінің  директоры, 1985-1987 жылдары Жаңа-Семей станциясындағы №7 теміржол мектеп –интернатының директоры, 1988-1994 жылдары  Алматы теміржол басқармасының №5 Семей теміржол бөлімшесінде мектеп инспекторы болды. 1994 жылы зейнеткерлікке шықты. 2021 жылы 24 қарашада  дүниеден өтті.

Мұғалім мамандығынан басқа алған мамандықтары мен марапаттары: 

1.1977 жылы ВЛКСМ  Орталық комитетінің 50 жылдығы белгісімен марапатталған.

2.1972-74 жылдары  Қалалық партия комитетінің жанындағы Марксизм-ленинизм университетінің 2 жылдық курсын оқып, «Партия құрылымы бойынша жоғары саяси білім алған» туралы дипломын алған.

3.1988жылы  Алматы  пединститутының жанындағы «Мұғалімдер білімін көтеру» курсын бітірген.

4.Отан соғысы жылдарында тылдағы  еңбегі үшін «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған.

5. Отанымыздың «Егемендікке- 25 жыл» медалімен марапатталған.

6.Бірнеше  рет Білім  және ғылым министрінің, Алматы теміржол басқармасының мақтау грамоталарымен марапаталған.