Сабырбекова Фарида Қызыровна » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 42-15-97
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-88-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
15
апрель
2024

Сабырбекова Фарида Қызыровна

1963-1971 жылдары Семей облысы Мақаншы ауданы Қарабұлақ ауылындағы Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектепті 8 класты үздік бітірді.

 1971-1975 жылдары Семей қаласының М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжін үздік бітірді. 1994-1997 жылдары Шәкәрім атындағы университетін тәмәмдаған. 

1975-1979 жылдары Семей облысы Мақаншы ауданы Қарабұлақ ауылындағы Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі, 1979-1987 жылдары Қарағанды қаласында №7 қазақ мектеп-интернатында бастауыш сынып мұғалімі, 1987-2014 жылдар аралығында №22 орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі және логика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. 

         1987 жылы Крупская атындағы сыйлыққа ұсынылған.   1994 жылы Казақстан Республикасы «Білім беру үздігі» медалінің және  «Білім саласына  қосқан үлесі үшін» медалінің иегері. «Авторлық түрленген бағдарламаларының үздік оқу - әдістемелік қамтамасыз етілуі» облыстық сайысының жеңімпазы. Ашимова Перизат Султановнамен бірлесе отырып жазған   «Логикалық ойлау-тұлға дамуының кепілі» атты оқулығы мен жұмыс дәптерлерінің авторы. Бұл жұмыстары Шығыс Қазақстан облысы БАИ-дың сараптама кеңесінде қаралып, тәжірибелері облыс көлемінде таратылды. 2010 жылы «Орта Азия мемлекеттеріндегі білім берудің дамуы» атты халықаралық зерттеуі бойынша  Жапон мемлекетінен келген бақылаушыларға логика пәнінен ашық сабақ өткізді.

         Сабырбекова Фарида Кызыровна бастауыш білім беру саласындағы «Логиканың» негізін қалаған бірден-бір ұстаз. Облыс бойынша «Логика»  пәнін бастауыш саласына кіргізген алғашқы ұстаз. Үлгілі сабақтары, озық іс-тәжірибелері Республикалық «Оқыту-тәрбиелеу технологиясы» журналына, «Ұстаз» облыстық газетіне шығып отырды. «Логикалық ойлау өнері» тақырыбында қалалық бастауыш сынып конференциясында тәжірибесін таратты. «Педагогикалық шеберлік керуені» атты ІІ облыстық сайысына  қатысып, педагогикалық технологиялар аукционының қорытындысы бойынша «Білім берудегі инновация» номинациясын жеңіп алды.  


Похожие публикации: