ӨЗ УАҚЫТЫН АЯМАЙ, БАСҚАНЫҢ БАҚЫТЫН АЯЛАЙ БІЛГЕН ҰСТАЗДАР » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 42-15-97
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-88-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
08
январь
2024

ӨЗ УАҚЫТЫН АЯМАЙ, БАСҚАНЫҢ БАҚЫТЫН АЯЛАЙ БІЛГЕН ҰСТАЗДАР

Исалина Кәмаш Өмірбайқызы

         Алғашында теміржол бекеттерінде тұратын жұмысшылардың балаларын оқытуға арналып 1962 жылы ашылған қаламыздағы №22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейіне биыл 60 жыл толды. Міне, осы мектепте ең алғашқы ұстаздық жолын бастап, табан аудармастан көп жылдар бойы жұмыс істеген Исалина Кәмаш Өмірбайқызы біраз жылдар тәжірибе жинақтаған соң еңбек ұжымының мақтанышына айналды. Әрине, мұндай құрметке оның көп ізденетіндігі, әдістемелік шеберлігін жетілдіруі жеткізгендігі күмәнсіз. Осы мектеппен бірге жасасып, алғаш ашылғаннан бергі қиындығы мен қызығына ортақ  бола білген К.Ө.Исалина зейнеткерлікке шыққанға дейін 12 рет бастауыш сынып оқушыларын қабылдап, төрт жүзден астам шәкірттерді білім нәрімен сусындатып, қанаттарын қатайтуларына ұйытқы болған. Бала тәрбиесінің қыры мен сырын аса жетік білетін ол мектепке келген кезде өзінің мол тәжірибесін мұғалімдік жұмыстағы кейінгі толқын сіңлілері мен інілеріне үйретіп, оларға әдістемелік көмектер көрсетіп отырады. Ал одан тәлім-тәрбие алып, алдынан ұшқан түлектері Кәмаш апаймен әрдайым хабарласып, қажет кезде ақыл-кеңес те алып тұрады. Осы кісінің көптеген шәкірттері бұл күндері әртүрлі мамандықтың иелері болып, кең байтақ Отанымыздың түкпір-түкпірінде, әр салада жұмыс істеп жүр. Солардың бірі Қазақстанның Халық әртісі, сүйікті әншіміз - Роза Рымбаева.

         Ұзақ жылдардағы жемісті еңбегінің нәтижесінде 1983 жылы «Халық ағарту ісінің озық қызметкері», 1989 жылы «Аға мұғалім»атақтарына ие болды.

Кәмаш Өмірбайқызы-құрметті ұстаз,аяулы жар, сырлас дос, ақылды әже,білгір маман. 1999 жылдан бастап Кәмаш апай заңды демалысқа шығып, немересін тәрбиелеуде. Зор денсаулық тілейміз!