Сатыбалдинов Болат Садуақасұлы » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 42-15-97
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-88-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
19
январь
2024

Сатыбалдинов Болат Садуақасұлы

1996-2001 оқу жылдары

№22 қазақ орта мектебінің алғашқы директоры

Шежірелі білім ордасының торқалы тойына менен естелік 

Естелікке кіріспей тұрып, өзімді таныстыруды жөн көрдім. 

Мен, Сатыбалдинов Болат Садуақасұлы, Семей қаласының түпкілікті тумасымын. Шаһарымыздағы №5 мектепті 1959 жылы, ал Семей педагогикалық институтын 1967 жылы тамамдап, осы жылы Көкпекті ауданында ұстаздық қызметке тұрдым. 1970 жылы Семейдің медицина институтының биология кафедрасында оқытушы болдым. 1972 жылы Семей облыстық мұғалімдер білімін жетілдері институтында биология-химия кабинеті меңгерушісі болып тағайындалдым. 1975 жылы облыстық білім бөліміне инспекторлық қызметке ауыстырылып, 1990 жылы Жаңа Семей ауданының аудандық білім бөліміне жоғарлап, басшылық қызметке тағайындалдым.

         1996-1997 оқу жылында №22 мектепке директор болып тағайындалып, жұмысқа кірістім. 

         Менің алдымда үлкен міндеттер тұрды. Негізігі міндеттердің бірі мектеп ұжымымен таныса отырып, жаңа оқу жылын бастау болды. №39 мектептен 12 класс комплект қосылды. №39 мектептен келген оқушылар мен мұғалімдерді   қабылдап, біртұтас №22 мектепке басшылық жасадым.

         Менің алдымда мектептің материалдық базасын қалыпқа келтіру міндеті тұрды. 

         Осы кезде оқу – тәрбие жөніндегі орынбасарларым А.Смагулов, К.Тұрлыбекова, С.Габбасов сияқты өз жұмыстарын жетік меңгерген азаматтар болды. 

         Мектепте білімді, тәжірибелі ұстаздар баршылық еді. Олар: Тлеуғожанова Батима, Исалина Камаш, Қалиясқарова Шалқыма, Елшібаев Әділмұрат, Тлебалдына Нургуль, Ақманова Ғалия, Абзалов Рысбек, Букашев Нұржан, Ғаббасова Ляззат, т.б.

         1996-1997 оқу жылдары қала бойынша мектептер арасында оқу – тәрбие жұмыстарының жүрісі туралы тоқсан сайын байқаулар өткізіліп тұрды. №22 мектеп ұжымы үнемі жүлделі 2-3-орындарды алып отырды. Бұл - бүкіл мектеп ұжымының жетістіктері. 

         «Жалғыз кірпіш қорған емес, жалғыз ағаш орман емес»,- дейді халқымыз.  Айтпағым, барлық жетістіктеріміз бен табыстарымыз мектеп ұжымының оқу–тәрбие жұмыстарындағы жасалған орасан зор табыстары, еңбектері деп есептеймін. 

         Тамыз маслихатында ұжым мүшелеріне мақтау қағаздары, дипломдар, «Үздік мұғалім» деген төсбелгі беріліп жатқанда бір марқайып қалатынмын. Мектеп ұжымының әр мүшесі аянбай еңбек етіп, үлкен табыстарға қол жеткізіп, жыл сайын биіктерден көрініп, қала мектептерінің алдыңғы қатарында болды. 

         Соңғы айтарым торқалы той тойға ұлассын! Шежірелі №22 білім ордасының 100 жылдығын көруге, тойлауға тілек білдіруші осы мектептің тұңғыш есігін айқара ашқан бұрынғы мектеп мүдірі, бүгінгі зейнеткерлік демалыстағы   ардагер ұстаз Болат Садуақасұлы.