Тұрлыбеков Нұржан Қадырұлы » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 42-15-97
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-88-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
09
апрель
2024

Тұрлыбеков Нұржан Қадырұлы

12.10.1959 ж. Семей облысы Ақсуат ауылында туған. Семейдің Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институтын  1982 жылы бітірген.  1977 жылдан Ақсуат ауданы Сатпаев атындағы совхозда  құрылысшы, жүргізуші  болып еңбек жолын бастаған. 1982 жылы Ақсуат ауылы  №106 кәсіптік –техникалық училищеде тәрбиеші,  қоғамдық пәндер оқытушысы болып қызмет істеген. 1983 жылдың маусым айынан 1989 жылдың қазан айына дейін Ақсуат аудандық комсомол комитетінде нұсқаушы,ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, II хатшы қызметтерін атқарған. 1989 жылдың қазан айынан 1996 жылға  дейін  Мемлекеттік сауда және тұтыну кооперациясы қызметкерлері кәсіподағы  Ақсуат аудандық комитетінің төрағасы,  Ақсуат аудандық тұтыну одағы төрағасының орынбасары, Ақсуат аудандық әкімдігінде  «Қазақстан халық бірлігі одағы»  ұйымының ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған.

         1997 жылдың наурыз айынан 2001 жылдың маусымына  дейін  Семей қаласындағы №22 қазақ орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып еңбек еткен. 2001 жылдан Семейдің  Қазақ гуманитарлық заң  академиясында   аға оқытушы, 2003 жылдың қыркуйегінен   Шәкәрім  университетінде  ректордың көмекшісі, колледж директоры, жоғарғы оқу орнына даярлық орталығының директоры, Семейдің  Құқық және бизнес,  Семейдің   көпсалалы  колледждерінің  Бас директоры,  Шәкәрім университеті дайындық  бөлімінің   меңгерушісі,  М.Қозыбаев атындағы тарихи –зерттеулер ғылыми орталығының жетекшісі қызметтерін  атқарған. Бүгінде Шәкәрім университеті мұражайының меңгерушісі. ВЛКСМ Орталық комитетінің, Семей облыстық партия комитетінің, ҚР кәсіподақ комитетінің    ҚР білім және ғылым министрлігінің   құрмет грамоталарымен, Қазақ гуманитарлық инновациялық заң университетінің 20 жылдығына орай «Ерен еңбегі» үшін төсбелгісімен,  Шәкәрім университетінің  «Шәкәрім» медальімен  марапатталған. Шәкәрімтану  ғылыми – зерттеу орталығы шығарған «Шәкәрім энциклопедиясы»  авторларының бірі.