Құрмет тақтасы- ардагер ұстаздарымыз » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 42-15-97
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-88-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
Алимжанова Сания Мухамадиева
25
май
2024
Алимжанова Сания Мухамадиева
Сания Мухамадиева   1960 жылы туған. Еңбек өтілі 40 жыл.  1967 жылы  Зайсан қаласындағы М.Әуезов атындағы орта мектептің 1-сынып табалдырығын аттап, 1977 жылы Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің түлегі болды.  1980 жылы Өскемен қаласындағы СССР-дың 50 жылдығы атындағы педагогикалық училищесін, 1996 жылы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің «Бастауыш сынып педагогикасы мен методикасы» факультетін бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Алғашқы
Нарбутина Руайда Сеильжановна
06
май
2024
Нарбутина Руайда Сеильжановна
Нарбутина Руайда Сеильжановна (08.01.1959- 14.01.2018 ) – учитель русского языка и литературы. Образование-высшее,   АрПИ им.Ы.Алтынсарина, 1983 г.          Нарбутина Руайда Сеильжановна, педагогическую деятельность начала с 1976 года в Кийминском районе, с.Алгабас. До поступленияв институт проработала старшей пионервожатой и учителем, уже в то время проявила себя как ответственный и добросовестный учитель и была награждена грамотой РайОНО.          После окончания педагогического института
Сүлейменова Мара Хасенгазыевна
03
май
2024
Сүлейменова Мара Хасенгазыевна
1952 жылы 1 тамызда дүниеге келген.  “Абай” атындағы орта мектепті бітірген соң, Алматыдағы Қыздар педагогика институтына оқуға түсті.  1973 жылы физика-математика факультетін бітіріп, диплом алды.  Өз мамандығы бойынша еңбек жолын Үржар ауданындағы В.Чапаев атындағы мектепте бастады. 1988-2012 жылдар аралығында осы №22 мектепте қызмет атқарды. Осы жылдарда оқушыларды физика пәнін сүюге, оқуға, ғылымға, еңбекке тәрбиеледі.  Оқушылары аудандық, қалалық олимпиадаларда жүлдеге ие болды. Қалалық,
Болғанбаева Гүлсара Бертөкенқызы
02
май
2024
Болғанбаева Гүлсара Бертөкенқызы
1996 жылдың 1 қыркүйегінен бастап  қаладағы №22 мектепте  «Технология» пәнінің мұғалімі қызметін 2013 жылға дейін атқарып келді. Білімі жоғары, жоғары санатты ұстаз.  Ол еңбек жолында талай жетістіктерге жетіп, мектепішілік, аудандық, қалалық, республикалық сайыстарға қатысып, мектептің абыройын көтерген ізденімпаз ұстаз. Ұлағатты ұстаз Г.Б.Болғанбаеваның«Былғарыны көркемдеп өңдеу және одан сәндік бұйымдар жасау» әдістемелік құралы 2005 жылы жарық көрді. Қалалық әдістемелік жобалар байқауынан І
Ашимова Перизат Сұлтановна
01
май
2024
Ашимова Перизат Сұлтановна
Перизат Сұлтановна – бастауыш сынып мұғалімі 1981жылы Семей қаласындағы М.О.Әуезов атындағы педучилищені аяқтап, Семей облысы Шұбартау ауданы Алғабас орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі  қызметін атқарды. 2001 жылдан бастап Семей қаласының №22  жалпы орта білім беретін  мектебінде бастауыш сынып мұғалімі. «Ұстаз» газетіне бірнеше ашық сабақтары, материалдары шықты. «Бастауыш сынып оқушыларының қозғалысқа берілген есептер шығару моделі», «Қозғалыс  графиктері», «Математика сабағында сыни
Габбасова Ляззат Каратаевна
30
апрель
2024
Габбасова Ляззат Каратаевна
Өскемен педагогикалық инистиутын 1974-1979  жылдары  химия және биология пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп,1979 жылы облыстық оқу бөлімінің бағдарламасымен Семей облысы, Абай ауданы Құндызды орта мектебінде химия пәні мұғалімі болып қызмет атқарған. 1985 жылы 27 жасында Семей қаласындағы Жаңа-Семей станциясындағы Алматы теміржолына қарасты   №7 мектеп интернатында тәрбиеші және биология пәні мұғалімі болып қызмет атқарды. 1996 жылы мектеп-интернат жабылып, мектеп қалалық білім бөлімінің
Тлебалдина Нұргүл Казанбайқызы
25
апрель
2024
Тлебалдина Нұргүл Казанбайқызы
Тлебалдина Нұргүл Казанбайқызы  1978-1982 жылы Өскемен педгогикалық институтын, 1991 жылы Н.К.Крупская атындағы Семей педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығы және 2002 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңгер мамандығы бойынша білім алған.  Ұстаздық еңбек жолын 1982 жылы Көкпекті ауданының қазіргі Тассай ауылдық мектебінен бастаған. 1996 жылдан бастап №22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып қызмет атқарып
Акманова Ғалия Рахметоллақызы
23
апрель
2024
Акманова Ғалия Рахметоллақызы
1978 жылы М.Әуезов атындағы Семей педагогика училищесін «Жалпы білім беретін мектептің бастауыш кластарында оқыту» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолы 1978 жылы басталды. 1986-1991 жылдары аралығында Н.К.Крупская атындағы Семей педагогикалық институтын «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығыбойынша бітірген. Педагогикалық жұмыс өтілі – 22 жыл, ғылыми еңбек өтілі – 24 жыл.  1996-2000 жылдары Семей қаласының №22жалпы білім беретін қазақ орта мектебінде ұстаздық қызмет еткен. Мектеп оқушыларына
Кусаинова Канияш Савеновна
15
апрель
2024
Кусаинова Канияш Савеновна
01.05.1954 жылы дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі – арнаулы орта, М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі 1975 жылы бітірген. Мамандығы: Бастауыш сынып мұғалімі. Еңбек өтілі: 40 жыл. Ұстаз жолы қиынырақ басқадан, Сырлары мол әлі сыртқа шықпаған. Шаршаса да осы жолдың бойында Қандай жақсы, шын бақытын тапса адам.          Ұстаз күн сайын шәкірттердің жүрегіне жол тауып, ізгілік нұрын себуге ұмтылатын осы бір жылы жүзі жайдарлы жанға әр шәкірттің алғысы шексіз. Осындай құрметке ие болған №22
Сабырбекова Фарида Қызыровна
15
апрель
2024
Сабырбекова Фарида Қызыровна
1963-1971 жылдары Семей облысы Мақаншы ауданы Қарабұлақ ауылындағы Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектепті 8 класты үздік бітірді.  1971-1975 жылдары Семей қаласының М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжін үздік бітірді. 1994-1997 жылдары Шәкәрім атындағы университетін тәмәмдаған.  1975-1979 жылдары Семей облысы Мақаншы ауданы Қарабұлақ ауылындағы Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі, 1979-1987 жылдары Қарағанды қаласында №7 қазақ мектеп-интернатында бастауыш