Акманова Ғалия Рахметоллақызы » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 42-15-97
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-88-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
23
апрель
2024

Акманова Ғалия Рахметоллақызы

1978 жылы М.Әуезов атындағы Семей педагогика училищесін «Жалпы білім беретін мектептің бастауыш кластарында оқыту» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолы 1978 жылы басталды. 1986-1991 жылдары аралығында Н.К.Крупская атындағы Семей педагогикалық институтын «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығыбойынша бітірген. Педагогикалық жұмыс өтілі – 22 жыл, ғылыми еңбек өтілі – 24 жыл. 

1996-2000 жылдары Семей қаласының №22жалпы білім беретін қазақ орта мектебінде ұстаздық қызмет еткен. Мектеп оқушыларына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беріп, 7 «А» сыныбына сынып жетекшілік міндетін атқарған. Осы жылдары Ғалия Рахметоллақызы оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие берумен қатар жеке оқушылармен шығармашылық жұмыс түрлерін жүргізген. Сабақ берген 10 «А» сынып оқушысы Азамат Азатұлын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен пәндік олимпиадаға даярлап, соңғысы қалалық, облыстық пән олимпиадасынан I орынды иеленген. Оқушысы Азамат Азатұлы 2000 жылы наурыз айында БҚО-ның Орал қаласында оқушылар арасында ұйымдастырылған республикалық пән олимпиадасына қатысып, жүлделі орындыжеңіп алған.Қазіргі уақытта Азамат Азатұлы Әлихан Бөкейхан университетіндекорпоративтік даму және маркетинг жөніндегі проректоры лауазымында қызмет атқаруда. 

Ғалия Рахметоллақызы мектеп оқушыларымен «Драмалық үйірме» жұмыстарын жетік ұйымдастырып, драма мүшелері «Айман-Шолпан», «Қыз Жібек», М.Әуезовтің «Абай», «Қарагөз», «Еңлік-Кебек» және т.б. пьесаларын сахыналаған. Сондай-ақ,   драма мүшелері өздерінің сахналық қойылымдарын қала мектептеріне де дәріптеп, түрлі бағалы сыйлықтар мен марапаттарды иеленген.

Ғалия Рахметоллақызы – 2000 оқу жылынан бастап Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетте ЖОО студенттеріне мамандығы бойынша дәріс берген.2014 жылдан бастап Әлихан Бөкейхануниверситетінде студенттерге дәріс беруде. 2017-2019 жылдары аралығында университеттің «Педагогика-психология» кафедрасында кафедра меңгерушісі қызметін атқарған. Осы жылдары ЖОО оқытушылары мен студенттеріне арнап, «Педагогиканы оқыту әдістемесі», «Тұлғаның психологиялық педагогикалық диагностикасы», «Болашақ маманның кәсіби қызығушылығын қалыптастыру» атты оқу-әдістемелік құралдары Семей қаласының «Zhardem» баспасынан шыққан. 

Бүгінде Ғалия Рахметоллақызы педагогика ғылымдарының кандидаты, Әлихан Бөкейхан университетінде филология факультетінің доценті. Ұжым арасында өзін адал, ашық, зиялы, жауапты қызметкер ретінде көрсетеді. Әріптестер мен студенттер арасында сыйлы.