Сүлейменова Мара Хасенгазыевна » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 42-15-97
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-88-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
03
май
2024

Сүлейменова Мара Хасенгазыевна

1952 жылы 1 тамызда дүниеге келген.  “Абай” атындағы орта мектепті бітірген соң, Алматыдағы Қыздар педагогика институтына оқуға түсті. 

1973 жылы физика-математика факультетін бітіріп, диплом алды. 

Өз мамандығы бойынша еңбек жолын Үржар ауданындағы В.Чапаев атындағы мектепте бастады. 1988-2012 жылдар аралығында осы №22 мектепте қызмет атқарды. Осы жылдарда оқушыларды физика пәнін сүюге, оқуға, ғылымға, еңбекке тәрбиеледі. 

Оқушылары аудандық, қалалық олимпиадаларда жүлдеге ие болды. Қалалық, аудандық көлемде ашық сабақтар өткізіп, өзінің іс-тәжірибесін таратты. М.Х.Сүлейменованың еңбектері баспа беттерінде жарияланды. «Физика есептер жинағы», «Физика сабағын оқытудың тиімді жолдары» атты әдістемелік құралдар жазды. Халықаралық конференцияларға қатысып, іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Физика  пәнін таңдаған мектеп оқушылары бүгінгі таңда еліміздің түрлі ғылыми-техникалық салаларда қызмет істеп жүр.

Тәжірибелі  ұстаз М.Х.Сүлейменова қалалық, облыстық, республикалық дипломдармен, мақтау қағаздармен марапатталды.

Аяулы ұстаз М.Х.Сүлейменова - жоғары санатты физика пәні мұғалімі қазіргі таңда зейнеткерлікке шығып, бала-шағасының ортасында демалыста.