Масалимов Сейсен Ешенгазинович » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 42-15-97
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-88-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
23
апрель
2004

Масалимов Сейсен Ешенгазинович

Сейсен Ешенгазинович 1968 жылы 25 маусымда Семей облысы  Көкпекті ауданы  Большевик ауылында дүниеге келді.

Білімі-жоғары. Көп жылдар бойы білім беру саласында қызмет атқарып, көптеген жетістіктерге қол жеткізген тәжірибелі маман, өз ісінің шебері. Сейсен Ешенгазинович –жауапкершілігі мол, азаматтық ұстанымы жоғары адам.

 Еңбек жолын 1987 жылы Көкпекті ауданы  Қарағандыкөл ауылы  Шмидт атындағы мектепте еңбек және сызу мұғалімі болып бастап, кейін оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырушы болып тағайындалды.

1999 жылдан бастап 2004 жылға дейін №22 жалпы орта білім беретін мектепте директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары,технология пәні мұғалімі,кәсіподақ комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді. 

 2013 жылы Семей қаласы білім бөліміне әдіскер болып тағайындалды.

 2013 жылдың қазан айынан «Семей қаласының спорт шеберлігі мектебі» КМҚК  директоры болып қызмет атқарды.

 2021 жылдың ақпан айынан  қазіргі таңға дейін  «Облыстық балалар биологиялық орталығы» КМҚК  директоры қызметін атқаруда.

 Білім және ғылым қызметкерлерінің қазақстандық салалық кәсіптік  одағының Семей аумақтық ұйымының  «Белсенді әлеуметтік әріптесі» төсбелгі иегері.