«Біз жаңа ортадамыз» тақырыбында мектебімізге жаңадан келген оқушыларға арналған психологиялық тренинг өтті. » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 42-15-97
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-88-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
22
январь
2026

«Біз жаңа ортадамыз» тақырыбында мектебімізге жаңадан келген оқушыларға арналған психологиялық тренинг өтті.

Тренингтің мақсаты – оқушылардың жаңа ортаға бейімделуіне ықпал ету, бір-бірімен жақын танысуына жағдай жасау және қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

Тренинг барысында түрлі сергіту жаттығулары, топтық жұмыстар және танысу ойындары ұйымдастырылды. Оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, бір-біріне қолдау көрсетуге үйренді. Әр тапсырма оқушылардың сенімділігін арттырып, ұжымдық бірлікті қалыптастыруға бағытталды.