Жиыналыс тақырыбы: «Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі» » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 42-15-97
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-88-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
14
февраль
2025

Жиыналыс тақырыбы: «Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі»

Мақсаты: Бала тәрбиесінде әкенің алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; баламен жақсы қарым-қатынас орнату, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын ашу.
Өткізілген уақыты: 14-і ақпан 2025 жыл
Қатысушылар: әкелер
2025 жылдың  ақпан  айының 14-і күні  орта буын оқушыларының  әкелеріне арналған  «Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі» атты   психологиялық тренинг өтті. Тренинг басында әкелермен әр ұлттың сәлемдесуімен амандасып алдық. Содан соң 3 топқа бөлінді. Топ болып отырған соң, әрбір топқа тапсырма берілді. Яғни әкенің отбасындағы рөлі туралы ойларын білу мақсатында 1-топқа- Қыз тәрбиесіндегі әкенің рөлі?  2-топқа- Ұл тәрбиесіндегі әкенің рөлі? 3-топқа-Отбасындағы әкенің рөлі? сұрақтары берілді. Әкелер тапсырманы плакатка орындап, өз жұмыстарын қорғады. Сергіту сәтіне «Нысана» жаттығуын орындаттық, яғни шарларды көздеп жарады, оның ішіндегі тақырып бойынша сұрақтарға жауап айтты. Әкелерге «Бақытты отбасын» қалай елестететінін білу мақсатында командалық тапсырма берілді. Әкелер тапсырманы жіп арқылы қызығушылықпен орындады. Соңында слайд арқылы әкелерге жадынама берілді. Кері байланысқа «Тілектер ұшағы» әдісі алынды. Яғни қатысушылар тренингтан алған әсерлерін, ұсыныстар мен тілектерін жазып, ұшақ жасап, ұшырды.   
Қорытынды: Қатысқан әкелер  Әр отбасы-жеке мемлекет. Бұл кішкентай мемлекеттің іргетасын қалаушы, оны басқарушы, отағасы-әке. Отбасының рухани, материалдық жағынан құлдырамай, мықты болуы әкеге байланысты деп қорытындылады. Тренинг өз мақсатына жетіп, әкелер ризашылқтарын білдіріп, жақсы көңіл-күймен қайтты.