18
октябрь
2024
Тренинг тақырыбы: «Көтеріңкі көңіл-күй- жанға қуат береді»

Мақсаты: психикалық көңіл-күйді көтеру, шығармашылық қабілеттерді арттыру, бір-біріне сыйластық қарым-қатынаста болу және жағымды эмоция қалыптастыру.
Өткізілген уақыты: 18 қазан 2024 жыл
Қатысушылар: педагог-психологтар
2024 жылдың қазан айында біздің мектеп-лицейімізде Абай облысы Өңірлік психологиялық қолдау орталығының ұйымдастыруымен «Үздік жыл психологы» байқауының облыстық кезеңі өтті. Байқаудың қорытындысы шыққанша, облыстан жиналған педагог-психологтарға «Көтеріңкі көңіл-күй- жанға қуат береді»тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Тренинг барысында «Білеміз,білмейміз» танысу жаттығуын жасатып, кейіннен 3 топқа бөлінді. Байқаудан кейінгі психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге мақсатында «Мазайка жинау» жаттығуын, , шығармашылық қабілеттерді арттыру мақсатында «Суретін атын тап» жаттығуын, бір-біріне жақсы түсіну мақсатында «Лабиринт» жаттығуын орындаттық. Тренинг соңында «Креативті ұстаз» жаттығуын жасатып, шашу шашқызды. Кері байланыс ретінде «Еркін микрофон» әдісін пайдаландық.
