10
октябрь
2024
Тренинг тақырыбы: «Менің сыныбым-менің ұжымым»


Мақсаты:
• Сыныптағы ұйымшылдықты қалыптастыру.• Қарым-қатынас дағдыларын дамыту, тұлғааралық қатынастағы кедергілерді жою, жағымды психологиялық хәл-ахуал тудыру.Өткізілген уақыты: 10 қазан 2024 жыл
Қатысушылар: 6 «в» сынып оқушылары
2024 жылдың қазан айында «Менің сыныбым-менің ұжымым» тақырыбында 6 «в» сынып оқушыларына психологиялық тренинг өткізілді. Тренинг барысында қатысушылар екі топқа бөлінеді. Бірінші топ ішкі шеңберді , ал екіші топ сыртқы шеңберді құрады. Барлығы бір-бірене қарап тұрады. Сыртқы шеңбердің әрбір қатысушысы өзінің жұбына айтады: «Сен екеуіміздің ұқсатығымыз…», кейін ішкі шеңбердегі қатысушылар жауап қайтарады «Сен екеуіміздің айырмашылығымы…» сосын келесі жаңа жұпқа бір адым аттап, әрекетті қайталайды. Балалар өзара ұқсастықтары көп екенін айтты. Сонымен қатар, сыныптаға қарым-қатынасты жақсарту мақсатында «Шаңырақ», «Қаламсап» жаттығуларын қызығушылықпен орындады. Кейін бабаларды 4 топқа бөліп топтық тапсырма орындатып, тренингімізді «Тілек» жаттығуымызбен аяқтадық.
