Нағима Қауысқызы » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 42-15-97
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-88-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
25
апрель
2023

Нағима Қауысқызы

Нағима Қауысқызы - музыка пәні мұғалім.  2003 жылдың 1 қазанынан  бастап мектеп-лицейімізде мұғалім болып қызмет атқарып келеді. Жалпы еңбек өтілі – 34 жыл, оның 19 жылы осы мектеп-лицейде қызмет етіп келеді. 

1998-2018 жылдар аралығында Семей қалалық музыка пәні мұғалімдерінің әдістемелік жетекшісі болды. 

2005-2020 жылдары Мәдениет пән бірлестігі жетекші қызметін атқарды. 

 «Шәкәрімнің ән мұрасы», «Семей өңірінің әнші-композиторлары» атты әдістемелік құралдардың авторы. Іс-тәжірибесін насихаттау мақсатында зерттеу тақырыбы аясында республикалық, халықаралық ғылыми конференцияларға, газет-журналдарға мақалаларын жарыққа шығарып отырады.

Осы еңбек жолында музыка пәнінен сабақ беріп, вокал, домбыра үйірмесі арқылы талай өнерпаздар дайындап, әлі де қызмет жасауда. Осы мектеп-лицейде қызмет жасаған 20 жыл ішінде 2010 жылдан бастап мектебіміздегі 100 адамнан тұратын мұғалімдер хорының дирижер, көркемдік жетекшісі. 

Қалалық көркемөнерпаздар байқауларының бірнеше дүркін жүлделерін иеленді. 

2017 жылы жалпы білім беру мекемелері арасында өткізілген «Мәңгілік ел қырандары» атты көркемөнерпаздар байқауына белсене қатысып, зор шеберлікпен Гран-при жүлдесін жеңіп алғаны үшін №22 мектеп-лицей марапатталды. 

Шәкірттері қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық сайыстардың жүлдегерлері атанды. Республикалық, халықаралық ғылыми конференцияларға қатысып ғылыми жоба, еңбектерін насихаттап отырды.

Сыныптардан дәстүрлі ән айту, домбыра ансамблін, балалар, мұғалімдер хорын ұйымдастырды. Шәкірттерінің бірі – Советбек Мадина Алматы қаласындағы Т.Жүргенов атындағы өнер академиясын тәмамдаса, Бақбергенов Думан Қазақ Ұлттық Өнер Университетін тәмамдады. Ал Айдарұлы Әділ Семей қаласындағы Шәкәрім университетінің музыка факультетін бітірді. Бірнеше шәкірттері музыкалық колледжде оқып, халыққа қызмет жасап жүр. 

Рысбекова Гүлназ, Сапарғалиева Аяжан, Махмеджанова Аида, Қалымқожа Айбек, Таңат Алижан, Алибеков Нұрали, Алибекова Таңшолпан, Қабдеш Асия, Маратбек Аружан, Болат Айсана,  т.б. шәкірттері лауреат,  түрлі сайыстардың жеңімпаздары.