Жумагазинова Айман Кайрбековна » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 42-15-97
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-88-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
23
апрель
2012

Жумагазинова Айман Кайрбековна

№22    жалпы  білім беретін  мектепте 1996-2012 жылдары аралығында  математика пәні мұғалімі  болып қызмет атқарды. Осы  мектепте   қызмет атқарған жылдары   оқушыларға сапалы білім мен тәрбие бере отырып, қалалық пән олимпиадасының жүлдегерлерін даярлады (Қайырбаева Айнұр, Қожамсейітов Дархан, Әзімханов Әмір,  Кенжебаев Арман, Муталипова  Мөлдір,  Мадиярқызы Назерке,     Н.Сыздыханова  т.б) оқушылары ғылыми- тәжірибелік  конференция, интеллектуалдық олимиадаларға  («Кенгуру», «Ақбота», «Малахит»  т.б )  қатысып жүлделі  орын иеленді .2005 жылы Қайырбаева  Айнұр, Мұратова Динара, 2009 жылы  Айдарханова Сымбат, 2012 жылы Ерсінова Аяулым, Слямханова Балжан   «Алтын белгі» иегерлері атанды.  Қала, Республика  көлемінде іс- тәжірибесін  таратып,   оқыту  әдістемелік–құрал дайындап,  ғылыми- тәжірибелік  конференцияларға қатысты. Жумагазинова Айман  «За  вклад в развитие образования» медалімен, қалалық білім бөлімінің  құрмет грамотасымен, қалалық кәсіподақ грамотасымен, Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университетінің ректорының  Алғыс хатымен марапатталды. Қазіргі уақытта Алматы   қаласында №13 мектеп- гимназиясында қызмет  атқарады.