Саймбетова Майра Сайлаубековна » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 42-15-97
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-88-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
27
май
2002

Саймбетова Майра Сайлаубековна

Майра Сайлаубековна мектебімізде 1994-2002 жылдары тарих пәнінің мұғалімі болып еңбек етті. 

 «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясын  сабақтарында қолданып, әр сабағын мазмұнды да, мағыналы өткізді. Оқушыларының бойына ұлттық құндылықтарды  сіңіріп,  патриоттық сезімдерін қалыптастырды. Жас ұрпақты болашаққа деген сенімдерін арттыруда, олардың көзқарастарын  қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыс түрлерін атқарды.

Соның нәтижесінде   оқушылары конкурс, олимпиада, түрлі сайыстардың жеңімпазы болды. 

        Майра Сайлаубековна  курс, семинар, конференцияларға қатысып, тәжірибе алмасып, білімін үнемі шыңдап отырды. 

Ұстаздардың ортасында сыйлы,  шәкірттерінің сүйіспеншілігіне бөленген  жаңашыл ұстаз.

Қалалық, кәсіподақ ұйымдарының мадақтамаларының иегері.