Саймбетова Майра Сайлаубековна

Майра Сайлаубековна мектебімізде 1994-2002 жылдары тарих пәнінің мұғалімі болып еңбек етті.
«Сын тұрғысынан ойлау» технологиясын сабақтарында қолданып, әр сабағын мазмұнды да, мағыналы өткізді. Оқушыларының бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, патриоттық сезімдерін қалыптастырды. Жас ұрпақты болашаққа деген сенімдерін арттыруда, олардың көзқарастарын қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыс түрлерін атқарды.
Соның нәтижесінде оқушылары конкурс, олимпиада, түрлі сайыстардың жеңімпазы болды.
Майра Сайлаубековна курс, семинар, конференцияларға қатысып, тәжірибе алмасып, білімін үнемі шыңдап отырды.
Ұстаздардың ортасында сыйлы, шәкірттерінің сүйіспеншілігіне бөленген жаңашыл ұстаз.
Қалалық, кәсіподақ ұйымдарының мадақтамаларының иегері.
