Алшинбаева Фарида Газизовна » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 42-15-97
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-88-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
25
апрель
2024

Алшинбаева Фарида Газизовна

Алшинбаева Фарида Газизовна- ағылшын тілі пәні мұғалімі, педагог- зеттеуші. 

Ұстаз - жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсырытын сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтай отырып, зеделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде.

 «Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты» деп М.Жұмабаев айтқандай, Қазақстан Республикасының тарихи-әлеуметтік, мәдени, рухани болмысын дамытуға, қоғамдық өмір мен ұлттық мектепті қалыптастыруда ұстаздың еңбегі зор. Жан жылуын, бар білімін баланың бойына сіңіріп, әр оқушысының үлкен өмірге білімді азамат болып аттануына зор үлес қосып жүрген мейірбан жүректі ұстаз. 

Абай Құнанбайұлының:

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға.

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға,-

деген ұлағатты ойын ұстаздық жолында өмірлік ұстанымға ала отырып,бүгінгі таңда көптеген оқушылары қалалық, облыстық, Республикалық, халықаралық олимпиада, жарыстардың, ғылыми жобалардың жеңімпазы. Атап айтсақ, Арғын Әлішер, Бейбітұлы Ақжол «ХVII  Сәтбаев оқулары» атты халықаралық ғылыми конференциясының ІІ орын жүлдегерлері, Ж.Мейрамбеков, А.Уватхан,

Н. Байсарина, Д.Насипбай Халықаралық “British buldog” олимпиадасына қатысып 1-2-орынға ие болды. Серікқанқызы С., Тулегенова А., Мейрамбеков Ж., Жумабаева А., Серікпай А., Маратова Ж.,  Жаксылыков Ә. І халықаралық олимпиада қатысып, 1-орынға ие болды.

Жетістіктері: 

  • Республикалық әдістемелік көмекші құрал. Астана- 2019. Алғыс хат.
  • «Ағылшын тілі сабақтарында ойын әдісін қолдану ерекшеліктері». Әдістемелік көмекші құрал. Алғыс хат.
  • Республикалық Әдістемелік материал және сабақ жоспарлары.  Алғыс хат
Республикалық әдістемелік көмекші құрал. Ағылшын тілі грамматикасы. Алғыс хат.