Әлімхан Оралхан Әлімханұлы » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 42-15-97
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-88-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
04
март
2024

Әлімхан Оралхан Әлімханұлы

Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы және орыс тілі пәнінің мұғалімі. Отанымызды қорғау, Қазақстан Республикасы азаматының борышын өтеу – әрбір оқушының абыройлы міндеті болмақ. 

         Мектебімізде өтетін алғашқы әскери дайындық пәнінің мақсаты жастарды қазақстандық патриотизм, демократиялық қоғам ісіне шексіз берілгендік пен Отанға, Қарулы күштерге деген сүйіспеншілік, әскери борышты мүлтіксіз орындауға әзірлік рухында тәрбиелеуге бағытталған. Отанға деген сүйіспеншілікті арттыра отырып, ерлікке, жігерлікке, жерін қорғауға, ата-баба ерліктерін келешек ұрпаққа жеткізе білетін жастарды тәрбиелеу бағытында жұмыс істеуде. 

2010-2011 жылдары «Мерген Ару»  сайысында мұғалім Калиева Шолпан жүлделі  орынға ие болды. 2012 жылы «Отан қорғаушылар» атты сайыста кубок иегері атандық. 2013 жылы «Мен құтқарушы» атты сайыста ІІІ орын алдық. Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мақсатында әскери-патриоттық жұмыс жастарына сәйкес 1-9 сыныптар арасында «Менің Отаным-Қазақстан», «Отан үшін отқа кешкендер», «Мен  - елімнің патриотымын», «Отанымыздың болашақ сарбазы» атты патриоттық тақырыпта сынып сағаттары өткізіліп тұрса, 5-11 сыныптар арасында 55+1 әскери бөліммен бірлескен патриоттық тақырыпта ерлік сабақтары жүргізіледі. Бұл сабақтарда Ұлы Отан соғысының, Ауған соғысының және Қарулы Күштерінің ардагерлері қашан да құрметті қонақтарымыз болды. Сонымен қатар,   ердің жауынгерлік ерлігін насихаттау мақсатында мектебіміздің түлегі, жауынгер Марат Нұрғалиев атындағы патриоттық бұрыш -жастар үшін тәрбие мектебі. 

Кейбір ұл-қыздар мектеп бітіргеннен кейін өз өмірлерін армия мен полицияда тығыз байланыстыра білді. Соның бірі - Смағұлов Нұржан.  Ол Құрлық әскерлері әскери институтын бітіргеннен кейін офицер болып қызметін абыроймен жалғастырып жатыр.

          Әлімхан Оралхан Әлімханұлы осы мектепте ширек ғасыр қызмет етті. 1994 жылы  зейнетке шықты. Еңбек жолында мынандай марапаттарға ие болды: 

  • Мектепішілік және кәсіподақ Алғыс хаттарымен;
  • Аудандық, қалалық және облыстық оқу басқармасының Құрмет грамоталарымен;
  • Қалалық, аумақтық кәсіподақ комитетінің грамоталарымен;
  • Гвардия төсбелгісімен.