


13.11.2025ж. 8 «А» сынып ата-аналарына арналған «АДАЛ АЗАМАТ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ЖАУАПТЫ АТА-АНА, ҚОЛДАУШЫ ҰСТАЗ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗ МЕКТЕП» тақырыбында жиналыс өтті. Жиналыс мақсаты мақсаты: «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында ата-ана мен мектептің өзара ынтымақтастығын нығайту. Күн тәртібінде: І тоқсанның қорытындысы; мектептің ішкі тәртіп ережесі (мектеп формасы,шаш үлгісі, смартфон, телефон); оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтау (жол ережесін сақтау, түнгі уақытта жүрмеу, бөгде адамдармен сөйлеспеу); әртүрлі мәселелер қаралды. Жиналыс барысында ата-аналардан күнделікті бақылау, оқу процессі, эмоциялық және әлеуметтік жағдай, үйдегі қолдау, ай сайынғы ата-ана бақылауы жөнінде тексеру парағы алынып, топтық жұмыста ата-аналар кестедегі жасырылған сөздерді табу арқылы тәрбиенің құпия кілтін тауып, жиналыс соңында ата-аналар «мен алаңдайтын нәрсе...», «үй тапсырмасы туралы менің ойым...», «сыныптағы тәртіпке байланысты...», «менің ұсынысым» жайлы өз ойларын «Ұстазға құпия хат» арқылы жеткізді.
Сынып жетекшісі: А.А. Габдуллина.
#АПҚО_Абай_облысы_Семей