
2025 жылдың 03 қыркүйек күні облыстық өңірлік психологиялық орталықтың ұйымдастыруымен облыстық ата-аналар мен педагогтар сессиясы “Бала әлемі: түсіну, қолдау, қорғау” тұжырымдамасы аясында мектебімізде 1-сынып ата-аналарына “Мектепке алғашқы қадам: баланың мектепке бейімделуіне көз жасынсыз қалай көмектесуге болады?” тақырыбында мектеп-лицей педагог-психологтары Рахметоллина М.Қ, Ратаева Г.А жиналыс өткізді.
Мақсаты: ата-аналарға 1-сынып оқушыларының бейімделу кезеңінің ерекшеліктерін түсінуге көмектесу, балаға мектептегі алғашқы кезеңде қолдау көрсету стратегияларын үйрету, ата-аналардың мазасыздығын азайту және отбасы мен мектеп арасындағы жағымды қарым-қатынас қалыптастыруға ықпал ету.