1-қыркүйек Білім күні құтты болсын! » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 42-15-97
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-88-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
01
сентябрь
2025

1-қыркүйек Білім күні құтты болсын!

https://www.instagram.com/reel/DODnmieDJsg/?igsh=YWRzNWVpdDJjYjg5

Күздің алғашқы күнімен бірге мектеп табалдырығын аттаған әрбір шәкірттің жүрегінде толқу, үміт, қуаныш сезімі тоғысады. Себебі мектеп — тек білім ордасы ғана емес, ол — мейірім мен махаббаттың, тәрбие мен тағылымның алтын бесігі.
🔔 Бүгінгі алғашқы қоңырау — жаңа бастамалардың, жаңаша ойлаудың, жарқын болашаққа жасалған алғашқы қадамы.
Бүгін мектебімізде ерекше қуанышты күн!
Күздің алғашқы күнімен бірге жаңа оқу жылы басталып қана қоймай, мектебімізде “Жас сарбаз” сыныбы да өз жұмысын бастады!
🇰🇿 Бұл бастама — оқушылардың бойында отаншылдықты, тәртіп пен жауапкершілікті, рухани және әскери-патриоттық тәрбиені қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.
🪖 “Жас сарбаз” қозғалысы — болашақ ел қорғаушылардың алғашқы мектебі.
📖 Барша оқушылар мен ұстаздар қауымын жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа белестер мен жетістіктерге толы жыл болсын! 🌟