06.01.2025 » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 42-15-97
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-88-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
06
январь
2025

06.01.2025


Бүгін 65.01.2025ж. күні "№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі" КММ-де Бастауыш бірлестік жиналысы болды. Күн тәртібінде  І жж бойынша  оқушылардың оқу үлгерімі мен білім сапасына ДОЖЖО С. Е. Әміреева  салыстырмалы талдау жасап, оқушы білімін нақты бағалау, білім сапасын арттыру бойынша тапсырмалар берді. Сонымен қоса бастауыш мұғалімі А. О. Кутанова "Триз технологиясын қолданудың әдіс-тәсілдері" және Ж.М. Канафина мен Н.Д. Нугибаева "Математика сабағында цифрлы технологияны тиімді қолдану" тақырыбында баяндамаларын жасап, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.  Жиналыс барысында мұғалімдер топтық тапсырмалар орындап, бір-біріне кері байланыстар  жүргізіліп, алдағы уақытта да жүргізілетін бірлескен іс-шаралар өткізу туралы оймен бөлісіп, оң нәтижемен аяқталды.