

Бүгін 20.11.2024ж. күні "№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі" КММ-де "Lesson study- сабақты зерттеу, зерделеу, білімді жетілдіруге бағытталған педагогикалық тәсіл" тақырыбында бастауыш бірлестігінде 4 сынып мұғалімдерінің ұйымдастыруымен семинар-коучинг өткізілді. Коучингке "№ 2-ші білім аймағы" бойынша Құзіреттілік орталығына біріктірілген "Өсу нүктелері" білім беру мекемелерінен №10 ЖОББМ, №11 ЖОББМ, №39 ЖОББМ, №44 ЖОББМ, №32 ЖОББМ және Исадилов атындағы орта мектебі жалпы орта білім беретін мектептері келіп, коучингке белсене қатысты. Семинар-коучинг аясында қатысушылардың оқыту үрдісін дамытуда LS қолданудың тиімді жақтарын, ерекшеліктерін түсініп, болашақта өз тәжірибелерінде қолдану керектігін айтып, ой бөлісті. Коучинг соңы аймақ мектептерінен келген мұғалімдермен кері байланыс жүргізіліп, алдағы уақытта да жүргізілетін бірлескен іс-шаралар өткізу туралы оймен бөлісіп, оң нәтижемен аяқталды.