МЕКТЕП МАҢЫНДАҒЫ ОҚУ-ТӘЖІРИБЕ АЛАҢЫ
Мектебіміздің үлескісіндегі жұмыс нақты құрылған жоспар бойынша жүргізіледі. Бұл ауқымды педогогикалық іс-шара тек мектеп маңындағы оқу-тәжірибе үлескісінде іске асырылып келеді.Мектепті көгалдандыру жұмысы алдымен мектеп аумағын функционалды аймақтарға бөлуден бастау алады. Оқу мекемесінің кешені әдетте жекеленіп шектелген аумақты алып жатыр. Дәстүрге сай көгалдандырылу саябақ тұрғыда жасалған. Орталық гүлзар-басты композицияның орталық нүктесі. Мектеп ауласының әр бұрышына декоративті безендіру қарастырылған.
Гүлзарлар мен газондардан тұратын демалыс алаңқайы ашық кеңістік түрінде көрініс алады.


Мектеп маңы аймағына кіре беріс тұсы – мектеп алды гүлзарлары. Ғимаратқа кірер тұсына айқындау мақсатында ашық түсті гүлдерді егіледі. Гүлзарлар – көгалдандырудың маңызды элементі. Оларды мектеп ғимаратының алдына, жол жиектеріне, субұрқақ маңына, газондар ортасына орналасқан. Оларды әсемдеуге бір немесе көпжылдық өсімдіктердің алуан түрін қолдандық. Гүлзарлардағы гүлдердің, нақты осы Абай облысының табиғи-климаттық аймақтағы өміршеңдігіне де үлкен мән берілген. Білім беру мекемесін көгалдандыру қоршаған ортамен, қоғамдық ғимараттармен үйлесім тапқан. Мектептің эстетикалық жасыл келбеті қала ландшафтымен үндесе отырып, оның аумағы оқушылардың өз уақыттарын өткізуге тартымды.


Сүректі өсімдіктер де мектепмаңындаотырғызылған. Жеміс бағы - мектеп айналасына сән беріп тұр. Бақша тек безендіру қызметін ғана атқарып қоймай, оқушылар ұстаздарының жетекшілігімен өсімдіктерді өсіріп, қадағалап, биологиялық бақылау жүргізетіндей тәжірибе алаңы жасыл зертхана болып табылады.
Тәжірибе бөлімшесі. Мектеп маңы бақшасында өсімдікті көбейтудің әдістері мен тәсілдерін үйрену тәжірибелерін жүргізіледі. Бақша және гүлді дақылдарды көбейтуге арналған жеміс-жидек бауларын, коллекциялық ботаникалық және дендрологиялық бөлімдер қарастыруға болады. Бұл жерлерді оқушылар жаратылыстану пәндері мұғалімдерінің жетекшілігімен өз қарамағына алады. Мектеп аумағы айтарлықтай кең. Тәжірибе бөлімшелерін бір-бірінен шағын жолдармен бөлінген. Әр өсімдіктің тұсына қысқаша сипаттамасы, яғни туыс, тұқымдас атауы жазылған көрсеткіш тақталар бекітіледі. Тәжірибе бөлімшелеріне ерекше күтім қажет. Ол жергілікті өсімдік әлемінің ерекшелігін көрсететін алуан түрлі тақырыптық бөлімдер түрінде құралады.

Мектеп аумағы тығыз жасыл желектермен және тірі қоршаулармен қоршалған. Басым бағыттағы желдерге төтеп бере алатын терек, үйеңкі, қараағаш, сирень отырғызу арқылы қорғаныш жолағы жасалды. Көгалдандырудағы мұндай әдістің санитарлық-гигиеналық, архитектуралық-сәндік маңызы зор.
Оқу ғимараты айналасысүректі өсімдіктермен, күнгей бетікөкшөптермен, гүлзарлармен көркемделген. Ағаштар- көлемі мен биіктігін есепке алып топтап отырғызады. Мысалы: шырша, итмұрын, шиесияқты әсем гүлдері бар өсімдіктер отырғызылған.Демалуға арналған мұндай алаңқайлар ғимаратқа жақын орналастырылды.

Аса маңызды тәрбиелік мәні бар экологиялық іс-шара №22 мектеп-лицейінің мектеп мерекесіне айналғандай. Себебі, жаратылыстану бірлестігінің ұйымдастыруымен мектепте- ағаштар мен бұталар егу, ескерткіш тақтасына гүл шоқтарын дайындау, құс ұясын ілу сияқты шаралар жылма-жыл жүргізілуде. Өсімдіктерге күтім жүргізу және суару, қопсыту мен қоректендіру көрсетілуде. Мектепте жүргізілген осы ауқымды шаралар оқушыларға экологиялық тәрбиелеу үрдісін қалыптастырары сөзсіз.

№22 мектеп-лицей мектеп аулаларын кешенді абаттандыру мен білім беру ұйымдарының оқу-тәжірибе үлескісі бойынша жылма-жыл өтетін қалалық байқаулардан «Қалалық мектептің үздік ауласы», «Үлгілі мекемелер», «Ең жақсы гүлденген аула» сынды аталым бойынша БАС ЖҮЛДЕНІ иеленуде.



