




Бүгін 12.02.2025ж. күні "№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі" КММ-де Семей қаласының № 2-білім беру аймағы бойынша балабақшалармен әріптестікті нығайту мақсатында тәрбишілер мен ата-аналарды шақырып, бала тәрбиесінде ата-ана, мектеп ынтымақтастығын нығайту үшін " Ұрпақ тәрбиесі, ұлт тәрбиесі" тақырыбында ашық есік күні өтті. Ашық есік күнін салтанатты түрде мектеп директоры Исимбекова А.Н. алғы сөзінде № 2 білім аймағы бойынша қысқаша ақпарат берді, қалалық білім бөлімінің әдіскері және мектеп кураторы Ахметкулова Қ.Р білім аймағы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға көңілі толатындығын айтып, алғыс білдірді. Іс-шараға "Ақбота бала бақшасына" қарасты 7 балабақшадан тәрбиешілер келді. Ашық есік күнінде мектептің 1 сынып мұғалімдері, МАДТ тәрбиешілері және Ақбота тәрбиешілері бала бойына ұлттық құндылықты дәріптеу мақсатында топтық жұмыс, дөңгелек стол, танымдық сабақ өткізді. Іс-шара соңында ата-аналардың тарапынан алғыс айтылып, бала тәрбиесіндегі әріптестік, ынтымақтастық жұмыстардың әлі де жалғасын табатындығы айтылып, қорытындыланды.