19
октябрь
2024
Мақала
Болашаққа жарқын қадам-ҚазҰУ.
Әрбір тұлға өзінің болашағын ойлайды және сол үшін үлкен қадамдар мен шешімдер қабылдауы керек. Абай атамыздың «Сен де-бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан» деген сөздері біздің білім саласына да қатысты деп ойлаймын. Адам бұл өмірде маңыздылығын жоғалтпай өзінің орнын табуы үшін ақыл-ойын әрдайым дамытуы міндет. Қазіргі заман да, табиғат пен қоғам да дәл осыны талап етуде. Заманнан қалмау, табиғат құбылыстарын бақылау, қоғамдағы мәселелерді шеше білу еңбек пен ой ұшқырлығына негізделеді.
Білімді ұрпақ біздің мемлекетіміз үшін аса маңызға ие. Елімізде сол білімді беретін университеттер де көбеюде. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті оқу ордаларының ішінде жоғары беделге ие. Біздің таңдауымызда осы ҚазҰУ-не түсті. Ең бірінші назарға алатын жәйт-Орталық Азия университеттері ішінде 1-інші орында болуы. Қазақстан және көршілес елдерден ҚазҰУ-ды таңдаған студенттер өте көп. Оқу ордамыздың есігі баршаға әрдайым ашық.
Біздің қара шаңырағымызда 25 мыңнан астам студенттер білім алады. 16 үлкен факультеті бар университет әртүрлі салада білім береді. Ал біздің таңдауымыз «Экономика және бизнес жоғары мектебінің» факультетінің Экономика білім беру бағдарламасына түсті. Бұл бағдарлама бойынша Экономикалық теория, Микро және макроэкономика, қаржы, менеджмент, маркетинг, бухгалтерлік есеп және т.б. көптеген пәндерді игереміз. Пәндер және қосымша мүмкіндіктер туралы ақпаратты эдвайзеріміз Гульмира Кенжегалиевна арқылы біліп, кеңес алып отырамыз. Осылайша болашаққа деген тағы бір қадам жасай аламыз. Себебі түлектер көптеген Экономика салаларында жұмыс істеуге кепілдік алады: мемлекеттік басқару, банк секторы, халықаралық ұйымдар, жеке және мемлекеттік кәсіпорындар.
Оқуға құлшыныс болса, университеттің беретін мүмкіндіктері үлкен. Біздің білім беретін профессорлар мен доценттердің көпшілігінің халықаралық тәжірибесі бар. Бұл студенттердің сапалы білім алуына үлкен әсерін тигізеді. Сонымен қатар, ҚазҰУ тәжірибе алмасып, бірге ғылыми жобалар жасайтын Ресей, Корея, Турция, Франция, АҚШ, Венгрия, Қырғыстан және т.б. елдерінің университеттерімен келісім шартқа отырған студенттер академиялық ұтқырлық бойынша шетел университеттерінде 1, 2 семестр оқып келуге мүмкіндіктері бар.
1934 жылы негізі қаланған университетіміз Қазақстандағы көлемі бойынша үлкен оқу орындарында да көш бастап отыр. ҚазҰУ инфраструктурасында студент пен оқытушыларға барлық жағдай қарастырылған. Қалашықта 15 этаждық администрациялық ғимарат, 13 оқу корпусы, 17 жатақхана, ғылыми лабораториялар, интернет орталық, кітапхана, Фараби обсерваториясы орналасқан. Қалашық табиғаты да жасылға боялған: гүлдер, ағаштар мен су бұрқақ әдемілігімен өзіне тартады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті еліміздің білімді жастарын оқытып шығаратыны сөзсіз. Біздің Экономика мамандығында оқыған әрбір студент өзінің және мемлекеттің болашағына оң әсерін тигізеді. ҚазҰУ-да оқу студенттерге тұлғалық және кәсіби өсуге, халықаралық білім беру қауымдастыығына қатысуға кең мүміндіктер береді.
Сакен Диляра
Әл-Фараби атындағы
Қазақ Ұлттық Университеті
Э604103-Экономика
БББ 2 курс студенті