Байтемирова Гульжан Тойлыбаевна

Байтемирова Гульжан Тойлыбаевна - педагог-зерттеуші, бірлестік жетекшісі. Пән мұғалімі, сынып жетекшісі ретінде оқушы жүрегінен орын ала білген тәжірибелі ұстаз. Халықаралық, ресубликалық, облыстық деңгейде іс-тәжірибесімен бөлісіп, семинар, конференцияларға қатысып отырады. Өскемен қаласындағы «Педагогикалық шеберлік орталығы» орталығында «Жетекші мектеп-жаңартылған білім мазмұнын қолдаушы мектеп» атты І халықаралық форумына және Алматы қаласында өткен «Математика пәні мұғалімдерінің І республикалық семинарына» қатысып, іс-тәжірибе таратқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды. Астана қаласында өткен «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер» атты республикалық байқауда ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жас ұрпаққа тәлім-тәрбие, білім беруде елеулі еңбектері зор. Білім беріп отырған оқушылары да республикалық, облыстық олимпиадалардың, ғылыми конференциялардың жеңімпаздары. Пән бойынша олимпиадаларда оқушылар: Тұрысбеков Мейрам, Бекенова Жарқынай, Советханов Азамат, Әділжаппар Бекжан, Елубаева Мадина, ал ғылым негіздері бойынша ғылыми жобалар сайысында облыс деңгейінде Қуанышева Әйгерім, Серікбосынова Еркежан, Саджанова Айымжүлделі орындарға ие болды.
