Тайтулеуова Гулнар Серикбековна

Тайтулеуова Гулнар Серикбековна - информатика пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші, магистр.
2018 жылы Қазақстан Республикасы Білім және мәдениет саласындағы үздік қызметкерлерінің «Алтын кітап» Республикалық энциклопедиясына өз мақаласы жарияланды. 2019жылы «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын және «Нұр Отан» партиясының «Балаларға арналған тегін IT сыныптар» бастамалық жобасын жүзеге асыру аясында облыстық «SKILLS FOR GEEKS» чемпинонатына оқушылары Асқарбек М., Дюсенов А. жүлделі орын алғаны үшін жетекші ретінде алғыс хатпен марапатталды.
Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдану қоры ұйымдастырған Ү Халықаралық ғылыми–тәжірибелік конференциясына атсалысып, жоғары деңгейдегі жеңімпазды дайындағаны үшін еңбегі атап өтілді. Облыстық Шығыс Қазақстан өңірлік білім жаңа технологиялар орталығы ұйымдастырған интерактивті сабақ өткізіп, іс-тәжірибесімен бөлісті.
2020 жылдан бастап әр жыл сайын Халықаралық WRO робототехника чемпионатында қалалық, облыстық, республикалық деңгейінде оқушылары өз жұмыстарын көрсетіп жүлделі орындарға ие болды. Астана WRO 2022 ұлттық сайыста ұстаз- төреші ретінде қатысып өз тәжірибесімен бөлісті. Республикалық ғылыми жобалар конкурсында 5 жыл қатарынан қалалық, облыстық кезеңінде І,ІІ,ІІІ орын алған оқушылары бар.
