Алимжанова Сания Мухамадиева

Сания Мухамадиева 1960 жылы туған. Еңбек өтілі 40 жыл.
1967 жылы Зайсан қаласындағы М.Әуезов атындағы орта мектептің 1-сынып табалдырығын аттап, 1977 жылы Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің түлегі болды.
1980 жылы Өскемен қаласындағы СССР-дың 50 жылдығы атындағы педагогикалық училищесін, 1996 жылы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің «Бастауыш сынып педагогикасы мен методикасы» факультетін бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.
Алғашқы ұстаздық қызметін 1980 жылы Зайсан қаласындағы М.В.Ломоносов атындағы орта мектептен бастап, 2018 жылға дейін еңбек етті. Осы жылдардағы елеулі табыстары айтарлықтай, облыстық, аудандық әкімнің, білім бөлімінің, кәсіподақ ұйымдарының диплом, громата, Алғыс хаттарын алды.
2016 жылы Өскемен қаласында өткен V Республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, авторлық еңбегі облыстық ғылыми-зерттеу әдіскерлік кітабына жарыққа шықты. Сондай-ақ, іс-тәжірибесі, еңбектері Республикалық «Қазақстан мұғалімі», «Бастауыш мектеп» журналдарында жарияланды.
2017 жылы Республикалық «Педагогикалық оқуға» қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді. «ҚР білім беру ісінің үздігі», «Алаш ұстазы» төсбелгілеріне ие болды.
2018 жылы ҚР Білім және Ғылым министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
2018 жылы Семей қаласына қоныс аударып, №22 ЖОББ мектеп-лицейінде ұстаздық еңбегін жалғастырды. Өзінің тынымсыз еңбегімен, ізденісімен, озық ұстаздық тәжірибесімен биіктен көріне білді. Оқушылары Халықаралық, Республикалық олимпиада жеңімпаздары, облыстық, қалалық түрлі байқау, жарыстардың жүлдегерлері.