30
май
2005
ЖҰМЫРБАЕВА НҰРГҮЛ АМАНГЕЛДІҚЫЗЫ МЕКТЕБІМІЗДІҢ 1998 ЖЫЛҒЫ ТҮЛЕГІ

Жұмырбаева Нұргүл Амангелдіқызы Семей қаласында 1981 жылы дүниеге келген. №22 орта мектепті 1998 жылы бітіріп, сол жылы Семей мемлекеттік медицина академиясына оқуға түсті. 2005 жылы медицина университетін және Қаржы колледжін қызыл дипломға аяқтады. Аталған жылы №1 Үржар аудандық ауруханасында еңбек жолын бастады. Семей теміржол ауруханасында учаскелік дәрігер және Семей мемлекеттік медицина университетінде кафедра ассистенті болып жұмыс жасады. Қазіргі кезде ЖШС «ӨК Семей цемент зауытында» сауықтыру бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады.
