Бәтима Тілеуғожақызы » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 42-15-97
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-88-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
07
март
2024

Бәтима Тілеуғожақызы


Семей қаласындағы Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институттың бастауыш сынып методикасы факультетін бітірген.

         1977 - 2016 жылға дейін Алматы темір жолына қарасты Жаңа-Семей станциясындағы №7 мектеп-интернатта, қазіргі Семей қаласындағы №22 мектеп-лицейде ұстаздық етті.

         Қоғамға, білім саласына қосқан үлесі өте көп.

1987 жылы «Методист - мұғалім» атағы берілді. 1990 жылы «Халық ағарту ісінің озық қызметкері» төсбелгісімен марапатталған.

         2011 жылы «Білім саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен,  Семей облысы әкімі ШҚО әкімі, білім департаменті  құрмет грамоталарымен  бірнеше мәрте марапатталды. Республикалық, облыстық, қалалық педагогикалық оқулар мен конференцияларда іс-тәжірибесі таратылды.

         Білім көшін жылжытуда көп еңбек сіңіріп, сүбелі үлес қосты.

         Апайымыздан білім алған жүздеген шәкірттер еліміздің түпкір-түпкірінде еңбек етіп жүр.

         2017 жылдан бері  Елордамыздағы «Арнау-клаб» интелектуалды-шығармашылық орталығында еңбек етіп жатыр.

Бүгінгі күнге дейін ұстаздық қызметте жүргеніне - 60 жыл.