22
январь
2026
Мектебімізде педагогикалық әдеп комиссиясының кезекті отырысы ұйымдастырылды.
Талқылау кезінде педагогтердің кәсіби әдебі, ұжымдағы өзара сыйластық, қызметтік міндеттерді жауапкершілікпен орындау мәселелеріне ерекше назар аудару сөзге тиек болды.
Комиссия мүшелері ішкі тәртіп ережелерін сақтаудың білім беру сапасына және мектептің жағымды имиджін қалыптастыруға тікелей әсер ететінін атап өтті.
Отырыстың қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар беріліп, педагогикалық әдеп қағидаларын қатаң сақтау қажеттілігі тағы бір мәрте ескертілді.
