Кыдыргалиева Гульнара Манаповна » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 42-15-97
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-88-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
30
май
2022

Кыдыргалиева Гульнара Манаповна

Шәкірттеріне еңбегі сіңген ұстазымыздың бірі - Гульнара Манаповна №22 жалпы орта білім беретін мектеп- лицейінде 2008 жылдан 2022 жыл аралығында қызмет жасады. Қазіргі таңда   Астана қаласы Мұстафа Шоқай атындағы №51 мектеп-гимназиясында қызмет атқарып жүр. Кыдыргалиева Гульнара Манаповнаның да жетістіктерін айта кетсек болады.  2022 жылы Республикалық «Нұр Білім» ғылыми-әдістемелік орталығы, «Интеллект» білім және ғылым орталығынан  Құрмет грамотасы  және Алғыс хатпен, 2021 жылы «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми-әдістемелік сайтында оқу-әдістемелік материал жариялағаны үшін Құрмет грамотасымен және қалалық олимпиадаға оқушы дайындағаны үшін дипломмен марапатталды.   

Сондай-ақ, оқушыларының да жетістіктері бар. 2021  жылы 5-6 сыныптар арасында ағылшын тілі пәнінен  ұйымдастырылған қалалық олимпиадада  Жақсыбекова Диана ІІI орын алса, Республикалық Ә.Бөкейхан атындағы интеллектуалды олимпиада қалалық, облыстық  1-2  турлардан   5 оқушысы өтіп,  Республикалық  турға жолдама алды.

«Ел есінде бір жыл қалғың келсе – ас бер, он жыл қалғың келсе – ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе – бала тәрбиеле»,-дейді халық даналығы. Ағылшын тілі пән бірлестігінің әр ұстазы әр оқушыны  тәрбиелей отырып, білім нәрімен сусындатып,  әлі талай шыңдарды бағындырып, жетістіктерге жетеді.