Бакиева Шолпан Мухатовна

Мұғалім – мамандық болса, ұстаздық адам бойындағы ұлы қасиет. Ұстаз мәртебесінің артуы ең алдымен ұстаз деген есімге қаншалықты лайық болуына байланысты. Бүгінгі жаңа дәуірдің, жаңарған білімнің мұғалімге қояр талабының жүгі ауыр, олар үлгі боларлық бар жақсылық атаулының ең биігінен көрінуі тиіс. Жақсылық атаулыны ішкі жан дүниесімен қабылдап, өз бойындағы сезімді, берік қалыптасқан көзқарасты оқушы бойына дарыта білетін, өз бойындағы жасампаздық пен шығармашылық, өз-өзіне сенімділік пен сабырлылық, табандылық пен төзімдік сияқты мінез-құлық ерекшеліктерімен, сондай-ақ өзгелерге қолдау көрсете білетін, жылы жүрегімен жақсылық сәулесін шашып, мейірім шуағын төгіп тұратын ұстаздың бірі - тарих пәнінің мұғалімі Бакиева Шолпан Мухатовна Осы мектепте 20019-2022 жылдары директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды және тарих пәнінен сабақ беріп, өз пәнінен оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы мен белсенділігін арттыруда, оқу мен оқытудың сапасын көтеруде тынбай еңбектенді. Оқушылары қалалық облыстық, Республикалық олимпиадалар және ғылыми жобаларда жүлдегерлері Кенжегалиева Шырын, Асембекова Еркеназ І орынды иеленді. «Қазақстан тарихы» және «Құқық неіздері» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім бағадарламасы бойынша курсын оқыды. Республикалық білім дамыту және мәдени шығармашылық «Алтын Қыран» орталығы Елбасымыздың «100 жаңа есім» жобасын жүзеге асыру мақсатында, Астана қаласының 20 жылдығына, Алаш қайраткерлері А.Байтұрсыновтың 145 жылдығына, М.Жұмабаевтың 125 жылдығына орай үздік қызметкерлердің Республикалық «Алтын кітап» энциклопедиясына енгізілді. «Алаш» қозғалысының көсемі Әлихан Бөкейханов, «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми-әдістемелік сайтында мақалалары жарияланды.
