Тәрбие жұмысы » Страница 7 » Средняя общеобразовательная школа № 22
"Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің"
"№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 42-15-97
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-88-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
Семей қаласының №22 мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
Оқушылар арасында терроризмнің алдын алу, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
08
апрель
2026
Оқушылар арасында терроризмнің алдын алу, қауіпсіздік мәдениетін
Бүгін, мектеп-лицейімізде оқушылар арасында терроризмнің алдын алу, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында оқушыларға арнайы видеороликтер, слайдтар көрсетіліп, қауіп төнген жағдайда дұрыс әрекет ету жолдары, күдікті жағдайларды дер кезінде хабарлау маңыздылығы түсіндірілді. Басты мақсат — жастардың санасында бейбітшілік құндылықтарын, қауіпсіз өмір салтын нығайту және кез келген құқықбұзушылыққа жол бермеу.
Семей қаласы Ауезов ПБ-нің ҚҚБ ЮПТ УПИ полиция аға лейтенанты Д.Б. Қызыров  5, 6, 7 сынып оқушылары арасында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
06
апрель
2026
Семей қаласы Ауезов ПБ-нің ҚҚБ ЮПТ УПИ полиция аға лейтенанты Д.Б.
2026 жылдың 6 сәуірі күні Семей қаласы Ауезов ПБ-нің ҚҚБ ЮПТ УПИ полиция аға лейтенанты Д.Б. Қызыров Семей қаласындағы «№22 ЖОББМЛ» КММ-де мектеп әкімшілігімен бірлесіп, 5, 6, 7 сынып оқушылары арасында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында құқық бұзушылықтың алдын алу, буллингтің түрлері мен оның салдары, мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтау, интернет желісіндегі алаяқтықтан сақтану, сондай-ақ түнгі уақытта себепсіз көшеде жүрмеу мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Тоғызқұмалақтың классика түрінен 9, 10, 13 жас кіші жасөспірімдер арасында өткен «Абай облысының ұлттық және ат спорты түрлері бойынша спорт клубы» біріншілігі
05
апрель
2026
Тоғызқұмалақтың классика түрінен 9, 10, 13 жас кіші жасөспірімдер
Тоғызқұмалақтың классика түрінен 9, 10, 13 жас кіші жасөспірімдер арасында өткен «Абай облысының ұлттық және ат спорты түрлері бойынша спорт клубы» біріншілігінде жоғары спорттық шеберлік, тапқырлық пен зеректік танытып Сәкен Нұрсұлтан 11 жас-3 орын, Тұрсын Айсара 11 жас-3 орын, Қапанова Іңкәр 11 жас-2 орын, Берікқанов Ердос 13 жас-3 орын алып, облысқа жолдама алды.
11 “Ә” сынып оқушыларына “Ата заң - мемлекет тірегі” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
03
апрель
2026
11 “Ә” сынып оқушыларына “Ата заң - мемлекет тірегі” тақырыбында
11 “Ә” сынып оқушыларына “Ата заң - мемлекет тірегі” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Сынып жетекшісі: Берікбосынова А.Е
Асық атудан қалалық турнир
02
апрель
2026
Асық атудан қалалық турнир
Ұлыстың Ұлы күні "Наурыз " мерекесіне арналған асық атудан қалалық турнирде 1 орын алған 6"В" сынып оқушысы Есен Мирас. Сынып жетекшісі: Смагулова ГА
Өрт қауіпсіздігі бойынша оқу-жаттығу өткізілді
02
апрель
2026
Өрт қауіпсіздігі бойынша оқу-жаттығу өткізілді
Бүгін мектебімізде өрт қауіпсіздігі бойынша оқу-жаттығу өткізілді 🔥🚒 Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – төтенше жағдай кезінде оқушылар мен мұғалімдердің дұрыс әрі жылдам әрекет ету дағдыларын қалыптастыру. Жаттығу барысында эвакуациялау жолдары түсіндіріліп, қауіпсіздік ережелері пысықталды. Барлық қатысушылар белсенділік танытып, өз міндеттерін жауапкершілікпен орындады. Осындай шаралар – қауіпсіз орта қалыптастырудың маңызды бөлігі. Қауіпсіздік – бәрінен маңызды! 
Тәрбие сағаты
30
март
2026
Тәрбие сағаты
8 «А» сыныбында «Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік» құндылығы негізінде және 2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күніне орай «Кітап – рухани қазына» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Сабақ мақсаты: оқушыларға кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру; оқуға деген қызығушылығын арттыру; өз ойын еркін жеткізуге, топта жұмыс жасауға үйрету. 10 минуттық қауіпсіздік сабақтың бөлімінде «Әзілден қауіпке дейін: қауіпті уақытында қалай тануға болады» тақырып төңірегінде оқушылармен әңгіме жүргізілді.
Мектеп жанындағы көктемгі "Балдәурен" лагерінің жабылу салтанаты.
27
март
2026
Мектеп жанындағы көктемгі "Балдәурен" лагерінің жабылу салтанаты.
Мектеп жанындағы көктемгі "Балдәурен" лагерінің жабылу салтанаты. Жетекшілері: А.Б.Оразгалиева және А.С.Жагыпарова.